19.05.2008, 19:37 3034

"Медеу" мұз айдынын жаңалаудың жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау кестеден кешеуілдеп отыр

"Медеу" мұз айдынын жаңалаудың жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау кестеден кешеуілдеп отыр

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Медеу" мұз айдынын жаңалаудың жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау кестеден кешеуілдеп отыр. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімі жобаны жасаушыларға бірқатар сындар айтты, деп хабарлайды агенттік қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сенбі күні 2011 жылы өтетін 7-ші қысқы Азиялық ойындарының дайындығы жөнінде спорттық нысандарды аралап шықты.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2011 жылы болатын 7-ші қысқы Азиялық ойындарының дайындығы жөнінде бір қатар спорттық нысандарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Азия ойындарын өткізетін негізгі орындарының бірі - "Медеу" мұз айдынында қазіргі кезде инженерлік коммуникациялық құрылымдар күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Бұл құрылыс жұмыстарының бастамасы 2008 жылдың шілде айында жүргізілмекші.

"Күрделі құрылыс жұмыстарына көрермендер мінбесін 10000 орынға дейін үлкейту, күнқағар құрылыстары, технологиялық қондырғыларды ауыстыру, ескі ғимараттарды жаңарту, сырғанақ тебу мұз айдынына қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу енгізілген. Сонымен қатар жұмыс жоспарында 400 орындық қонақ үй, 3400 шаршы метрлік спорт залымен фитнес - орталығын салу қарастырылған",- делінген хабарламада.

Сондай - ақ қала әкімі А.Есімовке "Шымбұлақ" спорттық базасын жүзеге асыру жобасын ұсынды. Алдағы уақытта бұл "Шымбұлақ" демалыс орнын тау шыңына апаратын әлемдегі курорттардың біріне айналдырмақшы. 2011 жылға дейін "Медеу - Шымбұлақ" базаның аумағына арқанмен көтерілу, жаңа қонақ үйі, спа -орталығы, конференц - залы, сонымен қатар баспасөз - орталығын салуды жоспарлап отыр.

Халықаралық шаңғы трамплиндер кешендік құрылыс жобасы бойынша ИСКО (ЦСКА) спорттық базалардың аумағына инженерлік - геологиялық іздестіру, экологиялық және сейсмотұрақтылық зерттеулер, инженерлік коммуникацияға техникалық қызмет көрсету жасалынбақшы.

Алматы қаласының әкімі осы жобаны жүзеге асырушыларға спорттық және инфрақұрылымдық нысандарды электрқуатымен қамтамасыз ету мәселелеріне өте мұқият назар аудару қажет екенін нақтылап айтты. Бұдан басқа, Ахметжан Есімов Азиялық спорт нысандарының құрылысы үшін берілген жер телімдеріне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны