18.02.2016, 15:16 3488

Медициналық сақтандыру Қазақстанныӊ өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарын көлеӊкеден алып шығады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарды көлеӊкеден алып шығады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдіӊ орынбасары Дариға Назарбаева ҚР ДСИДМ-ніӊ кеӊейтілген алқа отырысында айтып

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарды көлеӊкеден алып шығады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдіӊ орынбасары Дариға Назарбаева ҚР ДСИДМ-ніӊ кеӊейтілген алқа отырысында айтып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Медициналық сақтандыру өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарды көлеӊкеден алып шығады. 2 млн 700 мыӊ адам барлық ресми түрде жұмыс істейтін қызметкерлер секілді азаматтарға салық төлеп тұрады, тегін медициналық көмек алады, олардыӊ балалары тегін білім алуда және бірінші жұмыс мамандықтарын да тегін алатын болады. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғауға, қартайғанда зейнетақы алуға үміттенеді және бюджетке ешқандай ақша төлемейді. Бұл әділетті емес",-деді ол, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен бірге, Д.Назарбаева бұрындары мемлекет осындай жағдайға көз жұма қарағандығын айтып өтті. Өйткені өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өздерін жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етіп отырды.

"Бұндай жүйеде барлық дамыған елдер тұр. Ал, көптеген елдерде салық салу біздікіне қарағанда 2-3 есе жоғары болып табылады. Біз скандинавиялық ел туралы айтқанды жақсы көреміз. Алайда, олардыӊ салық салу деӊгейі кірістіӊ 60-70%-ын құрайды. Бізде либералды салық саясаты. Сол себепті ар-ұятты сақтап, салық төлеп тұру керек",-деді Д.Назарбаева.

Осыған орай, республикада енгізіліп жатқан медициналық сақтандырудыӊ жаӊа жүйесіне орай, "медициналық сақтандыруды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ала алмайтын болады".

"Бұл біздердіӊ оларды толықтай көмектен айырғымыз келгендіктен жасалап жатқан жоқ. Егер олар ешбір жерде жұмыс жасамаса, онда олар жұмыс орындарыныӊ орталығына барып, жұмыссызбын деп тіркелсін, жәрдемақы алады, оныӊ жұмыс орталығы өзі қалаған салада біліктілікілігін жоғарылатуға жібереді және оныӊ барлығы бюджеттік ақшаға жасалады, содан кейін жұмысқа орналастырады: ал сен жұмыс істеп, салық төлеп отыр. Сол себепті ешқандай түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек емес. Бұл жүйе нақты әрі әділетті",-деді вице-премьер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны