02.04.2009, 17:09 2978

Медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің 50% жуығы емдеу ісі мамандығы бойынша аттестациядан өтпеуге байланысты "педиатрия" мамандығын таңдады - Досқалиев

Медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің 50% жуығы емдеу ісі мамандығы бойынша аттестациядан өтпеуге байланысты "педиатрия" мамандығын таңдады - Досқалиев

Алматы. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің 50% жуығы емдеу ісі мамандығы бойынша аттестациядан өтпеуге байланысты "педиатрия" мамандығын таңдады. Сол себепті осы 50% студенттер үшін "педиатрия" мамандығын таңдау балалардың дәрігері болуды армандаудан емес, тегін білім алуға деген ниеттен туындаған. Ал жалпы "педиатрия" мамандығы да, педиатрия факультеттері де жабылған жоқ, "педиатрия" мамандығы бұдан былай жаңа халықаралық принциптерге сәйкес дайындалатын болады. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев өз блогында тұтынушылар сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны