14.08.2013, 13:38 17129

Мектепке EGOV.kz арқылы тіркелуге болады

Онлайн тәсіл арқылы, баланы "E-learning" электрондық білім беру жүйесі енгізілген мектепке (мектептер тізімі электрондық үкімет порталында жарияланған) рәсімдеуге болады, деп хабарлайды "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Бірінші тамыздан бастап мектепке өтініштерді интернет арқылы беруге болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онлайн тәсіл арқылы, баланы "E-learning" электрондық білім беру жүйесі енгізілген мектепке (мектептер тізімі электрондық үкімет порталында жарияланған) рәсімдеуге болады, деп хабарлайды "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі.

"Онлайн-өтінішті беру үшін, www.egov.kz электрондық порталында тіркеліп, баланың ЖСН енгізіп, өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен бекіту қажет. Қызмет 5 жұмыс күні аясында тегін көрсетіледі. Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту керек. Қызмет 5 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі", - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Ата-аналар мектепті келесі бейіндер бойынша таңдай алады: жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей.

Мектеп-гимназия немесе мектеп-лицейіне өтініш берген жағдайында, 3 жұмыс күні аясында пайдаланушының жеке кабинетіне қабылдау емтиханынан өту керектігі, емтихан қай уақытта және қайда болатындығы жайлы анықтама келіп түседі.

Кейін, емтихан қорытындысы бойынша, ата-аналар egov.kz порталы арқылы мектепке есепке алу жайлы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап қайтарылады.

Жалпы білім беретін мектепке өтініш берген жағдайда,5 жұмыс күні аясында пайдаланушының жеке кабинетінемектепке есепке алу жайлы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген дәйекті жауап қайтарылады.

Ата-аналар тікелей мектепке жүгінген жағдайда, өздерімен құжаттардың түпнұсқаларын алулары керек.

Қызмет Астана, Алматы қалаларының, сонымен қатар, Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының тұрғындарына қол жетімді. Толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс атқаратын call-орталық мамандарынан 1414 нөмірі арқылы білуге болады. Ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны