17.06.2016, 16:00 16038

Мектептердіӊ үш тілділікке көшуі педагогтардыӊ дайындығына байланысты жүзеге асырылады - ҚР БҒМ

Үш тілде білім беруді кезеӊ-кезеӊмен енгізу педагогикалық қызметкерлердіӊ дайындығына байланысты жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ОКҚ брифингінде

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Үш тілде білім беруді кезеӊ-кезеӊмен енгізу педагогикалық қызметкерлердіӊ дайындығына байланысты жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мектептер мен балалар дайын болған бетте ғана үш тілді білім беруге көшу орын алады. Біз әр өӊірде педагогикалық құрам мен мектептердіӊ дайындығы бойынша зерттеулер жүргіземіз", - деді Э.Суханбердиева, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, үш тілді білім беруге көшу үшін тағы 2,5 жыл уақыт бар. Мұғалімдерді даярлау үшін жыл сайынғы төрт айлық курстар қарастырылған. Вице-министр мұғалімдерді оқытуға осы мерзім жеткілікті болатынын айтып өтті. Өз кезегінде Білім министрлігі педагогикалық құрамныӊ дайындығын тұрақты мониторингілеу жүргізеді.

Ведомствоныӊ мәліметінше, 2017-2018 оқу жылында 5-сыныптан бастап үш тілді пәндік білім беруді кезеӊ-кезеӊмен енгізу басталады. Орта білім жүйесінде үш тілді оқыту аясында 2016-2017 оқу жылында бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі бір сағатқа артық оқытылады. Сонымен, бірінші сыныпта аптасына 2 сағат бөлінеді.

2018-2019 оқу жылынан 6 сыныптан бастап еліміздіӊ барлық мектептерінде оқу тіліне тәуелсіз "Қазақстан тарихы" қазақ тілінде оқытылады, "Дүниежүзі тарихы" - орыс тілінде оқытылады.

2019-2020 оқу жылынан бастап жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде мектептіӊ таӊдауы бойынша "Информатика", "Химия", "Биология", "Физика" сияқты пәндер оқытылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны