14.08.2018, 12:02 7228

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру сапасын арттыру қажеттігі туындады

Бастамалар "Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы заӊыныӊ жаӊа редакциядағы түзетулері түрінде бекітілді

Алматы. 13 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру сапасын арттыру қажеттігі туындады, деп мәлімдеді "Қоғамдық жоба мекемесі" Қоғамдық бірлестігініӊ директоры Александр Братенков, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, азаматтардыӊ түрлі санаттарыныӊ нақты мәселелерін шешу құралы ретінде, халықты әлеуметтік саладағы міндеттерді тек тұжырымдау және тиянауқтау үдерісіне ғана емес, сонымен бірге оны шешуге атсалысуға жұмылдырудыӊ ықпалды мүмкіндігі ретінде, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ ықпалдастығы кезіндегі конструктивизмді күшейту тәсілі ретінде әлеуметтік саладағы бағдарламалар мен жобалардыӊ сапасы мен тиімділігін арттырудағы ортақ мүдделілік мәнмәтінінде қазір елеулі жетілдірулер мен жаӊартуларға ұшырауда", - деді А. Братенков.

Оныӊ айтуынша, олардыӊ маӊызы алғаш рет үкіметтік емес ұйымдардыӊ іс-қызметі саласына заӊнамалық тәртіппен енгізілген ұғымдардыӊ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жасақтау, оларды жүзеге асыру, мониторинг және әлеуметтік жобалардыӊ нәтижесін бағалауды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеӊберіндегі өз іс-қызметін қабылдау мен оған деген қарым-қатынасты жаӊаша деӊгейге көтеретіндігімен айқындалады.

" Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста қарастырылған әлеуметтік жобалар мен мемлекеттік қызметтерді сатып алуға қатыса отырып, үкіметтік емес ұйымдардыӊ басым бөлігі өздерініӊ оған қатысу аясын тек байқаулық өтінімдерді ұсыну, жобаны жүзеге асыру (сәтті болған жағдайда) және мемлекеттік органға қорытынды шығармашылық есепті ұсынумен ғана елеулі дәрежеде шектеп келді. Жекелеген үкіметтік емес ұйымдардыӊ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тұжырымдауға белгілі бір лоттардыӊ атаулары, олардыӊ нақты құны, жобаларды тараптардыӊ барлығы үшін түсінікті әрі айқын стандарттарға сәйкес жүзеге асыру, жоспарлы іс-шаралардыӊ жүзеге асырылуы мен олардыӊ индикаторларына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыру, жобаларды тек әлеуметтік тиімділігі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге экономикалық тиімділігі тұрғысынан да бағалау бойынша белсене атсалысу қажеттігі туралы пікіріне қарамастан, мұндай процедура сөзсіз ыӊғайлы, тіпті жайлы болды. Ал егер жекелеген үкіметтік емес ұйымдардыӊ байқауда "қалай да болмасын" жеӊуге деген талпынысын ескеретін болсақ, мұндай жобалардыӊ тиімділігі туралы, олардыӊ сапалы әрі нақты нәтижеге қол жеткізетіндігі және әлеуметтік проблемаларды расында да шешетіндігі туралы айту қиын", - дейді А. Братенков.

Оныӊ айтуынша, ағымдағы жылдыӊ басында ел парламентініӊ мәжілісі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігініӊ (қазіргі ҚР Қоғамдық даму министрлігі) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру сапасын біршама арттыруға және оныӊ халық үшін ашықтығын қамтамасыз етуге, белгілі бір процедуралар мен индикаторларға сәйкес олардыӊ тиімділігі мен сапасын бағалау жүйесін жасақтауға бағытталған біршама өзекті бастамаларға арқау болған ұсыныстарын мақұлдады (бұл бастамалар "Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы заӊыныӊ жаӊа редакциядағы түзетулері түрінде бекітілді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік шара ретінде мыналар ұсынылды: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жасақтауды, лоттар тақырыбын анықтауды өӊір ерекшелігін ескере отырып тұрғындардыӊ қажеттілігін нақты зерттеу негізінде жүзеге асыру, бұл ретте нақты проблемаларды және тұрғындардыӊ оларды шешу бойынша пікірін талдау бойынша түрлі құралдарды белсенді түрде пайдалану; жобалардыӊ тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша уақытылы шара қолдану мақсатында мониторингтік зерттеулерді жэаӊаша түрде сапалы жүргізу; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеӊберіндегі жобаларды жүзеге асыру нәтиежелерін бағалау, бұл ретте бағалауды тиісті сертификаттармен расталған арнаулы білім игерген беделді әрі кәсіби білікті мамандардан құралған сарапшылар қоғамдастығы жүргізетін болады. Осыған байланысты өз жобаларын жүзеге асырған кезде төмен бағаға ие болған және олар үшін бұл баға өзіндік кедергі немесе алдағы байқауларға қатысу үшін ынталандыру болатын, үкіметтік емес ұйымдардыӊ мәліметтер базасын құрудыӊ өзектілігі туындайды.

"Бұл бастамалардыӊ әрқайсысы өзіндік артықшылыққа ие және оларды іс жүзінде қолдану мен насихаттау үшін қосымша күш-жігерді талап етеді, бірақ, жиынтық түрде олар еӊ басты міндетті шешеді, атап айтқанда, азаматтардыӊ нақты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобалардыӊ тиімділігі мен атаулылық сипатын арттыра түседі", - деді А. Братенков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны