01.06.2020, 19:56 7022

Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 1 маусымнан бастап әкімшілендіру шараларын жаңартты

Мемлекет басшысы Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, оның ішінде салықтық ауыртпалықты төмендету жөнінде тапсырма берді.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 1 маусымнан бастап әкімшілендіру шараларын жаңартты.

Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап салықтық, кедендік тексерулерді жүргізу және камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау мерзімдері жаңартылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, оның ішінде салықтық ауыртпалықты төмендету жөнінде тапсырма берді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары шеңберінде салықтық, кедендік және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу, өсімпұл есептеу, шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау тоқтатылды, декларацияларды және т.б. ұсыну мерзімдері ұзартылды. Бизнеске фискалдық қысымды азайту мақсатында салықтық, кедендік тексерулер, камералдық бақылау жүргізу тоқтатылды.

Бұл ретте, Төтенше жағдай режимі қолданылуының аяқталуына байланысты ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап салықтық, кедендік тексерулерді жүргізу және камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау мерзімдері жаңартылады. Сондай-ақ, салық төлеушілерге салық берешегін және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаларды жіберу автоматты режимде жаңартылады, олардың негізінде мәжбүрлеп өндіріп алудың одан әрі тәсілдері мен шаралары қолданылатын болады. Апелляциялық комиссиялардың қызметі жаңартылады.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті белгіленген мерзімде салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өткізіп алмауды және уақытылы ден қоюды Сіздердің назарларыңызға салады. Бұл ретте салық төлеушілер Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес үш жылға дейінгі мерзімге мүлікті кепілге қою немесе банк кепілдігімен салықтарды төлеу бойынша мерзімін кейінге қалдыруға немесе мерзімін ұзартуға құқылы.

Камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау салық декларацияларын тапсыру немесе Салық төлеушінің кабинетінде электрондық түрде түсініктеме беру арқылы жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны