18.02.2021, 19:26 13482

Мемлекеттік кірістер комитеті виртуалды көмекшіні іске қосты

Нұр-Сұлтан. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram мобильді қосымшасы алаңында құрылған "KGD_kantselyariya" виртуалды көмекшісінің жаңа қызметін пайдалануға ұсынып отыр.
 

"KGD_ kantselyariya" виртуалды көмекшісі құжат айналымы мәселесі бойынша салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін құрылған. Оның көмегімен өтінініш иесі мына ақпаратты жедел алуына болады: өтініштің кіріс нөмірі мен күні; Комитеттің өтінішке берген жауабының шығыс нөмірі мен күні; салық төлеушінің жүгінуі бойынша Комитеттің жауапты орындаушысының деректері (аты-жөні және телефон нөмірі)", - деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.

 
Бұл ақпаратты алу үшін аты-жөнін немесе ұйымның толық атауын немесе өтініш берілген күні мен шығыс нөмірін чат-ботта жазу қажет. Аталған қызметті, жұмыс күндері (сенбі мен жексенбіні қоспағанда) сағат 9:00-ден бастап 18:30-ға дейін пайдалануға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны