16.10.2017, 13:26 4583

Мемлекеттік органдар әкімшілік айыппұлдар туралы халықты уақытында хабарландырмайды - жеке сот орындаушылары

Осыған орай, ЖСО әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу міндетін мемлекеттік органдарға жүктеу міндетін тапсыруды ұсынды. Өйткені, олар Икімшілік заӊ бұзушылық кодексінде белгіленген айлықтан айыппұл мөлшерін ұстап қалу және басқа да заӊ бұзушыларына ықпал ету әдістеріне ие.

Астана. 16 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекеттік органдар халықты айыппұл жайында хабарландырмайды, әрі олар әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуда қауқарсыздық танытуда. Осы жағдай жеке сот орындаушыларыныӊ қызметін қиындата түсіп, оларға деген халықтыӊ наразылығын арттырып отыр. Аталған мәселелер Республикалық жеке сот орындаушыларыныӊ палатасыныӊ 2017 жылдыӊ 9 ай аралығындағы қызметініӊ нәтижесін талдауға арналған алқа жиынында талқыға салынды.

Осыған орай, ЖСО әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу міндетін мемлекеттік органдарға жүктеу міндетін тапсыруды ұсынды. Өйткені, олар Икімшілік заӊ бұзушылық кодексінде белгіленген айлықтан айыппұл мөлшерін ұстап қалу және басқа да заӊ бұзушыларына ықпал ету әдістеріне ие. Мемлекеттік органдар халықты уақтылы хабарландырмағаны үшін, олар ерікті түрде 30 күн ішінде төлеу айыппұл мүмкіндігініӊ тек қағаз бетінде ғана қалып отырғанына куә болып отыр. Төленбеген айыппұлдардыӊ көп болуы да сондықтан,- дейді ЖСО.

Коллегия барысында, 2016 жылы 1 қаӊтардан бастап айыппұлдарды мемлекеттік табыс есебіне өндіру жеке сот орындаушылық қызметініӊ дамуына кері ықпал етуде. Мұндай сипаттағы істерді қарау қаржыны талап ететіндіктен, сонымен қатар олардыӊ көптігінен ЖСО-ға деген қысым арта түсті.

Уақыттыӊ тапшылығы, қысым, табыстыӊ аздығына орай, істердіӊ аталған санатында 9 ай аралығында әкімшілік жауапкершілікке 234 ЖСО тартылды.

Қазіргі таӊда, ЖСО портфелінде 2 254 983 өндірістер бар, олардыӊ құны 2 378 млрд. теӊгені құрайды. Оныӊ ішінде 914 204 құжат (40,5%) 15,3 млрд. теӊгені құрайтын әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу өндірістері. Мемлекеттік бюджетке 5,3 млрд теӊге түсірілді, деп хабарлайды ЖСО Республикалық палатасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны