07.04.2010, 10:49 1607

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының жаңа директоры тағайындалды

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының жаңа директоры тағайындалды

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорына жаңа директор болып Азат Шәуеев тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік хатшы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев төрағалық ететін қордың қамқоршылық кеңесі бүгін осындай хаттамалық шешім қабылдады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Азат Шәуеев 1969 жылғы 9 ақпанда туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін қор директорының бірінші орынбасары болып қызмет істеген. Бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде қызмет істеп, "Нұр Отан" ХДП Орталық аппараты ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі, ҚР премьер-министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас сарапшысы, Алматы қалалық әкімдігінде Қазақстан Халқы шағын ассамблеясымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі, Алматы қалалық әкімшілігінің тіл басқармасында ономастика, терминология және тіл мәдениеті бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

Осы қызметте А.Шәуеев саясаткер Берік Ибдіғалиевті ауыстырды.

Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы 5 қыркүйекте құрылды.

Қор жұмысының негізгі басымдығы - Қазақстанның ұлттық қазынасы, қазақ халқы мәдениетінің темірқазығы саналатын қазақ тілін дамытуға жан-жақты және барынша ықпал ету.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны