08.10.2007, 16:50 2904

Мердігерлер "Нұрсат" ықшамауданының 24 үйін салудағы міндеттерін орындамаған - Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаменті

Мердігерлер "Нұрсат" ықшамауданының 24 үйін салудағы міндеттерін орындамаған - Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаменті


Шымкент. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мердігерлер "Нұрсат" ықшамауданының 24 үйін салудағы міндеттерін орындамаған, деп айтылған Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс департаментінің агенттікке ұсынған анықтамасында.

"Бес үй бойынша құрылыс тендерін түріктің "Юксель-Иншаат" фирмасы жеңіп алған болатын, олар өз міндеттерін жүйелі түрде орындамағандықтан біржақты тәртіппен келісім-шарт бұзылған",- деп айтылған анықтамада. Онда бюджет алдындағы 75 млн 508 мың теңге көлеміндегі қарызын төлеу туралы сот шешімін алғандығы көрсетілген. Облыс әкімшілігі Түркияның Қазақстандағы елшілігіне "Юксель-Иншаат" ЖШС қарызын төлетуге көмек көрсету туралы хат жолдаған, себебі фирма басшысы қашып кеткен. Құрылыс департаменті сондай-ақ облыс әкімшілігіне аталған үйлердің құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруды өтінген.

Сонымен қатар, ықшамауданның он үш үйін салып жатқан "Объединенная строительная компания" АҚ жасалған келісім шартта та біржақты тәртіпте бұзылған. "Он үш үйдегі пәтерлердің жалпы ауданы 43 мың 418 шаршы метр, оның конкурстық құны 1 млрд 987 млн теңгені құрайды",- деп айтылған анықтамада.

Департамент басшылығы алты тұрғын үй құрылысының мерзіміне қатысты "Темирбетон НС" ЖШС шағым жасап отыр. Бірақ, құжатта көрсетілгендей, бүгіндегі бюджет алдындағы 147 млн қарыз сомасы төленген, нысандар 2008 жылы пайдаға беріледі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны