30.12.2011, 10:16 3749

Мереке күндері елорда полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Жаңа жыл мерекесі күндері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының жол полициясы 31 желтоқсан мен 2012 жылдың 3 қаңтарына дейін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Астана. 30-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мереке күндері елорда полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жаңа жыл мерекесі күндері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының жол полициясы 31 желтоқсан мен 2012 жылдың 3 қаңтарына дейін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Бұл туралы елордалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол полицейлерінің негізгі назары жүргізушілердің Жолда жүру ережесін бұзу әрекеттеріне жол бермеуге аударылады. Мәселен, рөлді бас күйінде басқарған, жаяу жүргіншілердің құқығын бұзған, жылдамдықты асырған, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін елемеген көлік иелері анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.

"Онымен бірге, Жаңа жыл мерекесі атап өтілетін күндері Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының құрамы халық көп шоғырланатын жерлерге барынша жұмылдырылатын болады", - делінген таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны