08.09.2006, 11:32 2746

Microsoft Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті қысқартуға бағытталған жобаны іске асырмақшы

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Microsoft Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті қысқартуға бағытталған жобаны іске асырмақшы. "National PC" деп аталатын бұл жобаны корпорация сарапшылары жасаған. Кеше ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінде осы жобаның тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстанда бұл жобаны жүзеге асырудағы мақсат - халық пен бизнес-қоғамдастықтың мемлекет көрсететін электрондық қызметке қол жеткізу аясын кеңейту және еліміздің азаматтары сатып алатын дербес компьютерлердің санын көбейту арқылы ақпараттық теңсіздікті қысқартуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыру болып табылады",- деп хабарлайды ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны