28.02.2007, 14:45 6512

МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 28 ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды маңында МИГ-31 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР ҚК 392 бабына сәйкес (адам өліміне әкеп соқтыратын ұшу және оған дайындық ережелерінің бұзылуы) қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агентігіне Қарағанды облысының әскери прокуратурасы хабарлады.

Тексеру жұмыстарын ІІМ әскери тергеу басқармасы жүргізеді. Тергеу тобы құрамында қазақстандық мамандар мен ресейдің Мәскеу және Нижний Новгород қалаларының сарапшылары бар ведомствоаралық комиссиямен бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Искери прокуратура "дәл қазір мәселе нақты кінәліні анықтау емес, апатты шынайы түрде жан- жақты зерттеуде болып тұр" деген түсініктеме берді.

Ілгеріде хабарлағанымыздай , Қазақстан қорғаныс министрлігіне қарасты МИГ-31 ұшағы 16-ақпанда Қарағанды әуежайының маңында оқу-жаттығу барысында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ экипажы - 28 жастағы авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары Денис Федотов пен 32 жастағы штурман Андрей Леонтьев қаза тапты.

Апаттың себеп салдарын тексеріп жатқан комиссияның жасаған алдын-ала мәліметі бойынша, ұшақ ұшу навигациялық құралының ақауынан апатқа ұшыраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны