11.06.2013, 13:10 7195

Министр Ибденов қызметінен кетті

"Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Ибденов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды" деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Министр Ибденов қызметінен кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Ибденов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды" деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.

Ибденовтің міндетін вице-министр Тамара Дүйсенова уақытша атқармақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзарту жайлы заң жобасына байланысты халыққа танымал болған. Заң жобасын түсіндіру үшін аймақтарды аралап жүрген министр Ибденов сәуірдің 26-сында Алматыға келгенде оған қоғамдық белсенді Андрей Цуканов жұмыртқа лақтырған.

Ал 7 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын парламентке қайтаратынын мәлімдеді. Ол әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруге наразылық туғанын айтты.

Қазір Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер 58 жаста шығады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны