07.04.2011, 14:03 4669

Мысырда пирамидалар маңында болған жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті

Мысырда пирамидалар маңында болған жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - Мысырда пирамидалар маңында болған жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауына, Мысырда елдің бас көрнекті ескерткіштері - ежелгі пирамидалардың маңында жарылыс болып, оқиға салдарынан үш адам зардап шеккен.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, жарылыс Гизадағы перғауындар қабірінен 150 метрдей жерде болған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, зардап шегушілер құмның ішінен бір темір затты көріп, оны бағалы зат деп ойлап, арши бастаған. Нәтижесінде жарылғыш құрылғы іске қосылып, үш адамды жаралаған. Полициядағылардың айтуынша, әлгілер жергілікті есірткі саудагерлері болып шыққан. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны