19.05.2016, 18:44 3927

Мысырдыӊ Азаматтық авиация министрлігі А320 лайнерініӊ апатын растады: лаӊкестік болуы мүмкін

Мысырдыӊ Азаматтық авиация министрлігі EgyptAir авиакомпаниясыныӊ А320 лайнерініӊ апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Мысырдыӊ Азаматтық авиация министрлігі EgyptAir авиакомпаниясыныӊ А320 лайнерініӊ апатқа ұшырағанын растады. Ұшақ Парижден Каирге бет алған, Мысыр жағалауынан шамамен 280 шақырым жерде радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұшақта 12 мемлекеттіӊ азаматтары болған. Жолаушылардыӊ жалпы саны - 56. Экипаж мүшелері сегіз немесе тоғыз болуы мүмкін деп хабарлануда, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мысыр Авиация министрлігіндегі дереккөздер MS805 рейсініӊ жоғалып кеткен ұшағында Жер орта теӊізіне құлар алдында жарылыс болуы мүмкін екенін мәлім етті.

Сарапшылардыӊ айтуынша, бортта теракт болуы мүмкін. "Россия 24" арнасына берген сұхбатында Ресейдіӊ еӊбек сіӊірген ұшқышы Юриф Сытник экипаж апат дабылын қоспағанын айтты, бұл демек, ұшақтыӊ ауада апатқа ұшырағанын білдіреді, деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны