25.12.2014, 13:27 3690

"Мөӊке" полигонында мотоатқыштар ротасы шабуыл дағдыларын пысықтады

"Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 42062 әскери бөлімініӊ үшінші мотоатқыштар ротасы "Мөӊке" полигонында өткен жоспарлы роталық-тактикалық оқу-жаттығуларында жақсы нәтижелер көрсетті

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығына қарасты 42062 әскери бөлімініӊ үшінші мотоатқыштар ротасы "Мөӊке" полигонында өткен жоспарлы роталық-тактикалық оқу-жаттығуларында жақсы нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери қызметшілерге мүмкін болуы тиіс қарсылас үшін атыс шебінде көзге түспей позиция алып, шабуылдыӊ қажетті машықтарын пысықтау тапсырылды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

42062 әскери бөлімініӊ командирі майор Бегімбет Тәжібаев: "жаттығуға қатысушылар взводтарды жауынгерлік үйлестіруге байланысты тәсілдерді тәжірибе жүзінде пысықтап, кәсіби шеберліктерін арттырды" дейді.

Ол, сондай-ақ, прапорщик Аман Ибдіров басқаратын гранатометшілер взводы мен капитан Олжас Жанаспаев басқаратын үшінші мотоатқыштар ротасыныӊ жеке құрамы арасында жақсы өзара іс-қимыл болғанын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны