09.12.2015, 19:35 3807

Монополияға қарсы ведомство жұмыртқаныӊ қымбаттауына байланысты 12 тексеру тағайындады

Осы жылдыӊ 20 тамызындағы жағдаймен салыстырғанда 7 желтоқсанда Қазақстанныӊ азық-түлік нарығында жұмыртқа бағасы 5,3 %-дан 100 %-ға дейін қымбаттағаны байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет хабарлап отыр

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 20 тамызындағы жағдаймен салыстырғанда 7 желтоқсанда Қазақстанныӊ азық-түлік нарығында жұмыртқа бағасы 5,3 %-дан 100 %-ға дейін қымбаттағаны байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет хабарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, монополияға қарсы ведомство жұмыртқа бағасын негізсіз қымбаттатқан жайттарға тексеру тағайындап отыр. Қазір жүріп жатқан тексерулердіӊ нәтижесіне қарасақ, жұмыртқа бағасын шығаратын өндірушілердіӊ бағаны негізсіз қымбаттатуға қақылары жоқ. Жұмыртқа құны нарықтағы алыпсатарлардыӊ бағаны өзара келісіп, қазіргі жағдайды теріс пиғылда пайдалануы салдарынан қымбаттап отыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сондықтан, монополияға қарсы ведомство бағаны келісіп, қымбаттатып отырған 50 субьектіге қатысты 12 тексеру тағайындаған. Монополистіӊ бағаны шарықтатып, жұмыртқаны сатуға шектеу қою арқылы нарықтағы сұранысты арттырған субъектіге қатысты бөлек бір тексеру тағайындалған.

Мысалы, бүгінде Қызылорда облысындағы субъектілерге қатысты тексерулердіӊ қорытындысы сотқа тапсырылып отыр. Бірақ, айта кетерлігі, бірқатар БАҚ-та жарияланған бағаға қатысты қылмыстық істер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Монополияға қарсы комитет те, оныӊ аймақтық бөлімшелері де құс фабрикаларыныӊ басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғамаған және құқық қорғау органдарына бұндай іс тапсырмаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны