09.06.2008, 11:45 1442

Мүгедектердің құқығы туралы конвенция жүздеген миллион адамды құқықтық қорғауды нығайта түсті - БҰҰ

Мүгедектердің құқығы туралы конвенция жүздеген миллион адамды құқықтық қорғауды нығайта түсті - БҰҰ

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Таяуда ғана күшіне енген Мүгедектердің құқығы туралы конвенция жүздеген миллион адамды құқықтық қорғауды нығайта түсті. Бұл туралы бүгін өзінің қызметінен кететін БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі бас комиссары Луиза Арбур мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ-ның жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Мүгедектердің құқығы туралы жаңа конвенция мен оған қосымша факультативтік хаттама 3 мамырда күшіне енген. Конвенция мүмкіндігі шектеулі 650 млн адамның құқығын қорғауға міндетті. Ол халықтың осынау нәзік тобын қорғауға бағытталған бірінші міндетті халықаралық келісім.

Л. Арбурдың атап көрсетуінше, конвенцияда мүгедектер үшін қандайбір айрықша немесе өзгеше құқықтар бекітілмеген. Онда тек қазіргі бар жаппай мойындалған адам құқығын жүзеге асыру жолдары, соның ішінде, жұмыс істеу құқығы, денсаулық сақтау құқығы, білім алу және қоғам өміріне толық қатысу, әділеттілікке қол жеткізу, қанаушылық пен пайдаланудан еркіндік, қозғалыс еркіндігі және тағы басқа.

"Қазір ең бір күрделі ақтаңдақ жабылды, енді жүктеп алған міндеттемелер мүгедек жандардың өміріне нақты әсерін тигізуі маңызды", -деп мәлімдеді Л. Арбур жұма күні Женевада Конвенцияның күшіне енуіне орай Адам құқығы жөніндегі кеңестің сегізінші сессиясының шеңберінде ұйымдастырылған арнаулы шарада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны