10.09.2015, 17:36 5053

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы онлайн қолдау қызметініӊ кеӊесін алды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып (ары қарай - ҚРМУ) 2015 жылдыӊ маусым айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау жобасы жүзеге асырып келеді. Аталған қызметтіӊ жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы психологтардыӊ көмегін алды

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан-Ресей медициналық университетімен бірлесе отырып (ары қарай - ҚРМУ) 2015 жылдыӊ маусым айынан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға онлайн қолдау жобасы жүзеге асырып келеді. Аталған қызметтіӊ жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы психологтардыӊ көмегін алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Онлайн-қолдау қызметініӊ негізгі міндеті - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметік-психологиялық климатты, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардыӊ психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларына кеӊестік көмек беру болып табылады.

Қызметтіӊ жұмысы білікті психологтардыӊ қатысуымен "SKYPE" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби психологиялық кеӊес алуға мүмкіндік береді.

Мамандардыӊ кеӊесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 телефон нөмірі бойынша қабылданады.

Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларынан немесе ҚРМУ электронды мекен жайына ([email protected]) хабарласу арқылы алуға болады.

Естеріӊізге сала кетейік, ағымдағы жылдыӊ 17 ақпанында өткен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде министрлік басшысы Тамара Дүйсенова биылғы жылы ҚР ДСИДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еӊбек салалары жүйесінде көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында бірқатар белсенді шараларды қолға алатынын мәлімдеген болатын.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны