18.06.2015, 15:21 9214

Мұражайға саяхат

Ирбір жас маман өзініӊ қызметтік борышын патриоттық тәрбиеден бастауы қажет. Осы мақсатта Қазақстан полициясыныӊ 23 жылдығына орай Петропавл станциясыныӊ Ішкі істер желілік бөлімі басшылығыныӊ қолдауымен бір топ жас маман Солтүстік Қазақстан облысыныӊ ІІД мұражайына саяхат жасады.

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Ирбір жас маман өзініӊ қызметтік борышын патриоттық тәрбиеден бастауы қажет. Осы мақсатта Қазақстан полициясыныӊ 23 жылдығына орай Петропавл станциясыныӊ Ішкі істер желілік бөлімі басшылығыныӊ қолдауымен бір топ жас маман Солтүстік Қазақстан облысыныӊ ІІД мұражайына саяхат жасады. Бұл бөлімімізде жыл сайын әдетке айналған жақсы бастамалардыӊ бірі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алғаш рет СҚО ІІД мұражайы 1989 жылдыӊ 9 қарашасында ашылған. Қазіргі кезде 25 жылдан аса тарихы бар бұл мұражай ІІМ еӊ үздік мұражайларыныӊ бірі болып саналады. 2004 жылы онда милиция тирихын зерттейтін және қазіргі заман полициялары жайлы екі зал ашылды. Бүгінде мұражай қорында 4000 (төрт мыӊ) экспонат бар.

Мұражайға саяхаттыӊ басты мақсаты - жас қызметкерлерді аға ұрпақ милиционерлердіӊ (полицейлердіӊ) жақсы дәстүрлерімен таныстыру.

Петропавл ст. ІІЖб-ніӊ жас мамандары мұражайдыӊ арнайы бөліміндегі әр жылдары қызмет бабында қаза болған полицейлердіӊ өмірімен танысты. Қас қағым сәтте қылмыскерлердіӊ кінәсінен үзілген тағдырлардыӊ ерлігінен сыр шертетін суреттер, жеке заттар, құжаттар ешкімді бей-жай қалдырмады. Солардыӊ бірі-1963 жылдыӊ 16-желтоқсанында қылмыскердіӊ қолынан қаза болған милиция старшинасы Ю.В. Медведев. Бүгінгі күні Петропавл қаласында оныӊ атында көше бар. Біз мақтаныш сезіммен өзіміздіӊ желілік ішкі істер бөлімі осы Ю. Медведев көшесінде орналасқанын айтамыз.

Қазақстан полициясыныӊ 23 жылдығы қарсаӊында, Петропавл қаласындағы алғашқы полицейлердіӊ қалыптасуы мен даму тарихын білу әрбір полиция қызметкерлерініӊ міндеті.

Петропавл ст. ІІЖб

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны