01.07.2019, 23:46 9695

Нұр-Сұлтан қаласында "Ұлттық домбыра күні" мерекесіне орай "Қасиетті домбыра" Республикалық байқауы өтіп жатыр

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 12 жастан 16 жасқа дейінгі 35 бала қатысады.

Нұр-Сұлтан. 1 шілде. Kazakhstan Today - 2019 жылы 1-2 шілде аралығында "Ұлттық домбыра күні" мерекесіне орай "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанаты мен "Жас Ұлан" бірыңгай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ бірлесіп "Қасиетті домбыра" Республикалық байқауын ұйымдастырады.

Байқау музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау,елдегі ұлттық мәдениеттің дамуын өзектендіру, отандық мәдениеттің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында өткізіледі.

Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 12 жастан 16 жасқа дейінгі 35 бала қатысады.

Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:

1."Үздік күйші" - аталымында атақты күйшілердің үздік бір төкпе немесе шертпе күйін орындау.

2."Үздік термеші" - аталымында 5 минуттан аспайтын термені домбыраның сүйемелдеуімен, мақам ырғағына салып жырлау.

3."Үздік дәстүрлі әнші" - аталымында дәстүрлі әндердің бірін алып, домбыраның сүйемелдеуімен ырғаққа салып орындау.

Жүлде қоры 1 000 000 теңге.

Сіздерді қастысушыларды марапаттау салтанаты өтетін гала-концертке шақырамыз, онда үш номинацияның жеңімпаздары өнер көрсетеді, сонымен қатар, көрермендерді еліміздің әртістері өз шығармашылықтарымен қуантады.

Қонақ ретінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, "Nur Otan" партиясының мүшелері, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Кеш қонақтары: Гүлнұр Оразымбетова, Бауыржан Нұрымбетов, Temirlan&Yernat.

Гала-концерт 2 шілде сағат 18.00-де "Шабыт" Салтанат сарайында өтеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны