07.04.2019, 15:09 12412

Нұр-Сұлтанда ASTANA ART SHOW-2019 көрмесі өтеді

Фестивальге Қазақстан, Франция, Қытай, Корея, Аргентина, Куба, АҚШ, Италия, Түркия және көптеген басқа елдердің, сондай-ақ Мадагаскар және Корсика аралдарынының суретшілері қатысады.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Қазақстанның астанасы ASTANA ART SHOW-2019 көрмесінде бірегей және көп қырлы заманауи өнердің эпицентріне айналады. Бұл жобаны заманауи өнердегі танымал сарапшы, TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова және әлемге әйгілі француз кураторы және халықаралық арт-директор Жером Санс жүргізеді. Жоба аясында 15 елден 40-қа жуық қазақстандық және шетелдік суретшілер өз жұмыстарын ұсынады.

ASTANA ART SHOW 2019 заманауи өнердің жанрларын ғана емес, сонымен қатар мәдени әр-алаундығын көкжиегін кеңейтіп, шектерін жояды. ASTANA ART SHOW 2019 негізгі хабарламасы - елордада екінші рет өтіп жатқан үлкен іс-шарада жиналатын барлық суретшілерге тән көшпенділік пен еркіндік рухы.

Фестивальге Қазақстан, Франция, Қытай, Корея, Аргентина, Куба, АҚШ, Италия, Түркия және көптеген басқа елдердің, сондай-ақ Мадагаскар және Корсика аралдарынының суретшілері қатысады.

ASTANA ART SHOW -2019 шеңберінде әлемдік жұлдыздардың қатысуымен "Галактикадан өту" халықаралық көрмесі өтеді. Көрме екі көрнекті ғимаратта - Тәуелсіздік сарайы мен Бейбітшілік және келісім сарайында орналасады.

Сондай-ақ, фестиваль шеңберіндеҚазақстандағы Жастар жылы аясында жастар көрмесі өтеді. 30 жас қазақстандық суретшілермастер-класстардан өтіп, танымал арт-тарихшылар мен суретшілермен кездеседі.

ASTANA ART SHOW 2019 көркем экспозицияларымен қатар, осы жылдың сәуір айының басында басталатын шеберлік сабақтарын, семинарларды, ашық дәрістерді, отбасылық бағдарламаларды қамтиды. Жас суретшілер көрмесі 7 маусымда басталып, елорда күні қарсаңында - 4 шілдеде "Галактикадан өту" халықаралық көрмесі ашылады. Фестиваль 2019 жылдың 10 тамызына дейін өтеді.

Astana Art Show-2019 көрмесін ұйымдастырушысы - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Artios компаниясы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны