28.09.2007, 15:23 3526

Нанға байланысты күрделі жағдайдың туындауына газ желілеріне жүргізілген жөндеу жұмыстары түрткі болды

Нанға байланысты күрделі жағдайдың туындауына газ желілеріне жүргізілген жөндеу жұмыстары түрткі болды

Алматы. 27 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Нанға байланысты күрделі жағдайдың туындауына Сайна көшесінің маңындағы газ желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу түрткі болды. Бұл туралы бейсенбіде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Ақсай нан" нан комбинатының директоры Нәсима Қалиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Көгілдір отынды дүйсенбіден жұмаға дейін үзу жоспарланған болатын. Бірақ газ құбырын жөндеушілер жоспарланған жұмысты екі тәулікте аяқтады. Сейсенбі күні кешктен бастап бізде пештерді дайындау жұмыстары басталды. Бұл пештерді қыздыру үшін бір тәуліктен астам уақыт кетеді. Қазір кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Және де, ертең бұл жағдай толық реттеледі, деген сенімдемін",- деді Нәсима Қалиева.

Сонымен қатар, оның хабарлауынша "Ақсай нан" кәсіпорынының қуаттылығы "тәулігіне 150 тонна нан өнімдерін құрайды". "Біз нарыққа тәулігіне 140 тонна өнім шығарамыз. Сондай-ақ бізде желінің жартысы электр желісіне қосылған, ал көп бөлігі табиғи газға қосылған, дәл осы бөлігі бидай ұнынан шығарылатын бөлке нан пісіруге арналған. Бұл нанның үлесі 60 пайыздан асып жығылады. Біздің кәсіпорын газ болмаған кезеңде тәулігіне 100 тоннадан астам нан өнімдерін бере алған жоқ. Бұл жағдай осыған байланысты туындап отыр",- деді Н. Қалиева.

Сондай-ақ нан комбинатының директоры Алматының нанға деген мұқтаждығының орташа тәуліктік нормасы туралы статистикалық мәліметтерге тоқталды. "Нанға деген орташа тәуліктік мұқтаждық - 314 грамм. Алматыда шамамен 1,5 млн адам тұрады. Егер бұл көрсеткіштерді көбейтсек, онда шамамен 460 тонна, ең көп дегенде 500 тонна болады",- деп түсіндірді ол. "Біздің кәсіпорынның нарықтағы үлесі 30 пайызды құрайды. "Ақсай нан" шамамен 150 тонна өндіреді, "Алматы нан" - 20 тонна, "Меркур нан" - 20 тоннаға жуық. Ал қалған 300 тоннаға жуық нанды кім шығарады?",- деп атап көрсетті ол.

Н. Қалиева сондай-ақ Статистика жөніндегі агенттіктің, "Алматы халқының тәулігіне 175 тонна нан тұтынатындығы" туралы мәліметтер келтірген ақпараттарына да күмән келтірді. "Бұл норма блокададағы Ленинградтан да төмен".

Алматы әкімшілігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменті директорының орынбасары Қайрат Иміржанов "қалада нанға қатысты біраз дүрбелең болды. Оған себеп біреу ғана. Алматының "ҚазТрансГаз" мекемесі Саин көшесі маңында қаланы табиғи газ құбырына жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы компания сол маңдағы кәсіпорынды ескерткен болатын. Бүгінгі күнде газ беру қалпына келтірілді. Кәсіпорын толық жұмыс істеп тұр",- деп түсіндіріп өтті.

Икімшілік қызметкері сондай-ақ қазірде Инанға байланысты ешқандай проблема жоқИ, деп атап өтті. ИҚалада ұн мен астық қоры жеткілікті, тіптен қажет мөлшерден артықИ,- деп атап көрсетті Қ. Иміржанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны