22.10.2020, 18:24 8050

Науқастардың 66%ы 6 өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан (93), Алматы (73), Солтүстік Қазақстан (82), Шығыс Қазақстан (80), Павлодар (64) және Атырау (54) облыстары

ҚР-да карантиндік шараларды күшейту, коронавирустың ықтимал екінші толқынының алдын алу және COVID-19 қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу қағидалары туралы

Алматы. 22 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады.

Алайда, соңғы аптада өңірлерде КВИ шалдыққандар саны 14% өскені байқалады.

"Науқастардың 66% (677 жағдайдың 446-сы) 6 өңірге тиесілі: Нұр-Сұлтан (93), Алматы (73), Солтүстік Қазақстан (82), Шығыс Қазақстан (80), Павлодар (64) және Атырау (54) облыстары",-деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, әлемде COVID-19 қатысты жағдай ушыға түсуде.

Бүгінде әлемнің 215 елінде 41 022 518 КВИ жағдайы тіркелген, сырқаттың өсуі - 1,1. 1 128 931 адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші - 2,8 %.

"Осыған байланысты 2020 жылдың 6 қазанынан бастап шекарада санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Бүгінге дейін автомобиль өткізу пункттері арқылы 73 591 Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдік, оның ішінде 21 591 жолаушы келді, 5 967 адам карантиндік стационарға жатқызылды, олардың ішінде 122 адамда ауру анықталды. Халықаралық әуе рейстермен 34 446 жолаушы келді, оның ішінде 5 925 адам тесттен өтті, 17 адамнан ауру анықталды,-деді вице-министр.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды қосымша күшейту туралы ұсынысты мақұлдады. Ал 26 қазаннан бастап Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Беларусь, Түркиямен әуе рейстерінің саны қысқартылады.

Уақытылы диагноз қою үшін аудандық ауруханалар 53 рентген аппаратымен толық жабдықталады. 23 қазанға дейін өңірлерге 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізіледі.

"Аймақтарға 1 500 отандық ӨЖЖ-аппараты таратылды. Қазақстан зауыттары 376 жедел жәрдем машинасын шығарды, оның 220-сы өңірлерге орнатылды, қалған 156 бірлік жеткізілуде",-деді ол.

Ажар Ғинияттың айтуынша, ТМККК және МӘМС шеңберінде нозологияларды қамту 3 есеге арты.

Созылмалы ауруларды 2019 жылға амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 45 нозология бойынша (ТМККК шеңберінде) 114,6 млрд. теңге сомасына дәрілік зат пен медициналық бұйым сатып алды.

Биылғы МӘМС жүйесі аясында 27,2 млрд. теңгеге қосымша 105 нозология, ТМККК шеңберінде 130,3 млрд. теңгеге 32 нозология жабылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ведомство медицина қызметкерлеріне төлемдерді тоқтату мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады. Осыған байланысты 2020 жылдың 20 қазанынан бастап ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеуге жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтауы мүмкін.

"2020 жылдың 20 қазанынан бастап аймақтық комиссиялар медицина қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдерге жаңа өтінім қабылдауды тоқтатады. Ал жалпы індет жұқтырған 12 983 медицина қызметкерінің 9 309-ы төлем алады", - деді М.Шоранов.

Бүгінгі таңда COVID-19-ден қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасы толық өтемақы алды, бұл төлемдер алдағы уақытта да сақталады.

"Жұмыста жүріп COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлеріне келсек, 2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша 8 863 маман үстемақы алды",-деді Шоранов.

Өңірлік комиссия қалған 5% (421) медицина қызметкерлері бойынша бір реттік төлемді ақпараттық жүйеге енгізуде. Үстемақы осы аптаның соңында, яғни 2020 жылғы 23 қазанға дейін төленеді.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері індетті жұмыста жұқтырған жағдайда, медициналық ұйым мен жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетуі тиіс,медицина қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету қажет,- деді ол.

Бүгінде медицина қызметкерлері жеке қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген (үш айға арналған қор):

- бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдерінің саны-82 күнге (3 ай);

- қайта пайдалануға болатын қорғаныс костюмдерінің саны - 12 күнге;

- бір рет қолданылатын маска саны-101 күнге (3,5 ай);

- респиратор саны (барлық түрлері) - 34 күн;

- бір рет қолданылатын қолғаптар саны - 37 күн;

- антисептик саны (литрмен) - 76 күнге.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен COVID-19 қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау үшін үстемақы төлеу жалғасуда (наурыздан қыркүйекке дейін жалпы сомасы 84,4 млрд. теңгеге төленді, қосымша: 137 млрд. теңге. жыл соңына дейін).

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны