12.03.2010, 18:33 35853

Наурыз мейрамын тойлауға байланысты қазақстандықтар 5 күн демалады

Наурыз мейрамын тойлауға байланысты қазақстандықтар 5 күн демалады

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Наурыз мейрамын тойлауға байланысты қазақстандықтар 5 күн демалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ""Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес демалатын боламыз".

Ал "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңда мемлекеттік мереке аталып өтілетін күндер демалыс күндері, ал демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда демалыс күні болып мереке күнінен кейінгі жұмыс күні саналатыны айтылған. Тиісінше, биылғы жылы қазақстандықтар 20,21, 22, 23 және 24 наурыз күндері демалады.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың 22 сәуірінде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" қолданыстағы заңға өзгеріс енгізу жөніндегі" заңға қол қойды. Заңда мемлекеттік мереке Наурыз мейрамын 22 наурыз - бір күннің орнына 21-23 наурыз үш күн бойы мерекелеу, және 25 қазанда тойланатын Республика күні мерекесін алып тастау заңдастырылды.

Қазақстанда Наурыз мейрамы 1926 мен 1988 жылдар аралығында жаппай халықтық болып тойланған жоқ. Ал 2001 жылдан бері Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке болып жарияланды.

Наурыз мейрамы - Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Ол Шығыс халықтары Ислам дінін қабылдағанға дейін пайда болған. Сондықтан, ол діни бағыт-бағдардан ада. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы - жаңа жылдың алғашқы күні - көктемгі күн мен түннің теңесу күніне сәйкес келеді.

Наурыз қазақтарда "Ұлыстың ұлы күні" деп аталады. Қолданылатын григориан күнтізбесі бойынша бұл күн 22-наурызға сәйкес келеді. Наурыз айы-22-наурыз 21-сәуірге дейін жалғасады.

"Наурыз" сөзінің өзі ежелгі ирандық екі сөздің: "ноу"-"жаңа" және "роуз"- "күн" тіркесіне келіп тіреледі. "Наурыз" сөзінің қазақ тілде бірнеше мағанасы бар: 1) Жаңа жылдың бірінші күнінің атауы; 2) әрбір жылдың жануарлар циклінің бірінші айының атауы; 3) Жаңа жыл мерекесінің атауы; 4)осы мерекеге алып келетін тамақтың атауы ("Наурыз көже"); 5) өлең-жырлар жанрының атауы.

Қазақтар мен олардың ата-бабалары - түркілердің ежелгі пайымдаулары бойынша әр жыл алты ай жазға және алты ай қысқа бөлінген. Осы бөлінісінің шегі көктемгі күн мен түннің теңелу күні - Жаңа жыл Наурыздың бірінші күні болып табылады.

Бұл мейрам қазіргі заманғы діндер мен ұлттар болмай тұрған ежелгі уақытта пайда болған. Ұлы ақын және ғалым Омар Хайям (оның толық есімі -Гияс ад-Дин Мәлік Ибу әл-Фатх Омар ибн Ибраһим Хайям) 11-ғасырда сұлтан Жәлел ад Дин Мәлік ибн Или-Арыстан Селжук шаһының тұсында сұлтан атымен аталған - "Мәліктің жыл санауы" жаңа күнтізбесін жасады, ол күн Тоқты шоқжұлдызына түскен кезінен және көктемгі күн мен түннің теңелу күнінен кейін бірінші күн басталатын күн -табиғи жаңа жылға негізделген. Бұл аспан шырақтарының шоқжұлдыздар бір жылғы айналымнан кейін бастапқы айналу нүктесіне келіп, жаңа жолды - шеңберді бастайтын күн.

Наурыз мейрамы-жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітудің, мемлекетімізде халықтардың достығы мен туыстығын нығайтудың маңыздылығына орай, өзге елдердің жаңа жыл мерекелеріне ұқсас біздің мемлекетіміздің халық мейрамы деп көрсетілген.

Осыған байланысты Наурыз-табиғат жаңаруының ежелгі мерекесі, оны қазіргі заманда көптеген халықтар атап өтеді. Оны мерекелеу қанша басталғаны туралы тарихи мәлімет жоқ, оның тамыры тереңде жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны