15.03.2012, 17:16 3510

Наурыз мерекесінде Астанада көлік қозғалысы шектеу қойылады

"Қазақ елі" монументінің алдында "Наурыз мейрамы" өткізіледі. Соған байланысты 19-22-наурызда Тәуелсіздік көшесінің А.Байтұрсынов пен Ж.Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы бөлігі жабылады.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Наурыз мерекесінде Астанада көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Икімдік баспасөз қызметінің бейсенбідегі ақпарына сүйенсек, "Қазақ елі" монументінің алдында "Наурыз мейрамы" өткізіледі. Соған байланысты 19-22-наурызда Тәуелсіздік көшесінің А.Байтұрсынов пен Ж.Нәжімеденов көшелерінің аралығындағы бөлігі жабылады.

19-21-наурыз күндері N 4, 14, 21 автобустар Обаған көшесінің бойымен жүреді. 22-наурызда Тәуелсіздік даңғылы А.Байтұрсынов көшесінен бастап Ж.Нәжімеденов, Обаған көшелеріне дейін жабылады. 22-наурыз күні № 3,4,14,21,32,35,40 және 46 автобустардың қозғалыс схемасы өзгереді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны