04.02.2021, 18:04 12338

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Биыл қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай 5 күн демалады.
 
Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қазақстандықтар жыл сайын Наурыз мейрамында үш күн - 21-23 күндері демалады.
 
Дегенмен, биыл мемлекеттік мереке саналатын 21 наурыз жексенбіге дәл келіп отыр. Ал "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.
 
Сонымен қатар наурыз айында тағы бір мемлекеттік мереке бар. Ол 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні. Мереке дүйсенбіге тура келеді, сәйкесінше қазақстандықтар сенбі, жексенбі және дүйсенбіде демалады.
 
Жалпы, наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны