07.12.2012, 15:24 3178

"Назарбаев орталығы" мен Лихтенштейн Қоры мемлекеттік басқаруды жақсарту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бейсенбі, 6 желтоқсанда, Лихтенштейннің астанасында Вадуц сарайында "Назарбаев орталығы" көп қызметті ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев Лихтенштейннің Билеуші Князі ІІ Ханс-Адаммен және Лихтенштейннің Мұрагер Князі Алоизбен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Назарбаев орталығының" баспасөз қызметі.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Назарбаев орталығы" мен Лихтенштейн Қоры мемлекеттік басқаруды жақсарту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бейсенбі, 6 желтоқсанда, Лихтенштейннің астанасында Вадуц сарайында "Назарбаев орталығы" көп қызметті ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Саудабаев Лихтенштейннің Билеуші Князі ІІ Ханс-Адаммен және Лихтенштейннің Мұрагер Князі Алоизбен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Назарбаев орталығының" баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында Лихтенштейннің Билеуші Князіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы берілді.

"Қазақстан Князьдықпен, соның ішінде Лихтенштейннің мемлекеттік басқаруды жақсарту Қорымен ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән береді. Қордың басты әріптесі ретінде Қазақстанда көп қызметті ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағарту "Назарбаев орталығы" анықталды. Біздің екі институт арасында әріптестік орнату Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай кеңейту және нығайтуға себептесетініне, сондай-ақ барлық орталық-азиялық өңірді тұрақты дамытуға маңызды үлесін қосатынына сенімдімін", - делінген жолдауда.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ІІ Ханс-Адамды өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Иңгіме барысында Лихтенштейннің Билеуші Князі "Президент Назарбаевтың сенімді көшбасшылығымен Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қарқынды дамуын" жоғары бағалады. Қазақстан басшысының G-Global платформасын құру жөніндегі ұсыныстарын талқылай келе, сұхбаттасушылар әлемдік қаржы-экономикалық жүйенің архитектоникасын анықтау үшін барлық мемлекеттерді тарту маңыздылығын атап айтты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Лихтенштейннің астанасында "Назарбаев орталығы" мен Лихтенштейннің мемлекеттік басқаруды жақсарту Қоры арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстандық тараптан құжатқа Қ. Саудабаев, Лихтенштейн тарапынан Лихтенштейннің мемлекеттік басқаруды жақсарту Қоры Директорлары Кеңесінің Төрағасы, Лихтенштейннің Билеуші Князі ІІ Ханс-Адам мен Лихтенштейннің Мұрагер Князі Алоиз қол қойды.

"Меморандумда бейбітшілікті нығайту және өңірлік қауіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық даму сияқты салаларда зерттеулер мен талдауға себептесі және қамтамасыз ету бойынша біріккен шараларды өткізуді қарастырады. Құжат сондай-ақ ғылыми зерттеулермен алмасуды және біріккен ғылыми симпозиумдар, семинарлар мен конференциялар және ынтымақтастықтың басқа да түрлерін ұйымдастыруды қамтиды. Аталмыш ынтымақтастықтың негізгі мақсаты барлық бұқаралық ақпарат құралдары, мамандар мен саяси жетекшілердің құзырлығын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту арқылы халықтың бұқаралық тобына білім беру бойынша бағдарламаларды қамтитын кең ауқымды модульдік Платформаны зерттеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу болып табылады", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында Билеуші Князь ІІ Ханс-Адам: "Лихтенштейннің мемлекеттік басқаруды жақсарту Қоры мен "Назарбаев орталығының" арасындағы ынтымақтастық зияткерлік және тұрақты дамуға маңызды және зор үлес қосуға, білім беруге ұмтылатын екі мекеме арасындағы стратегиялық альянстың басталғанын білдіретінін" атап айтты.

Тараптар аталмыш Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы мен Лихтенштейн Князьдығы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығату және дамыту үшін берік негіз құратындығына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны