20.06.2012, 09:48 3317

Назарбаев Университеті инновациялық-интеллектуалдық кластердің орталығына айналады

"Назарбаев Университетінің" айналасында жаңа технологиялар тасымалы мен құрылуына көмектесетін инновациялық-интеллектуалдық кластер құрылуда, кейін ол өндіріске енгізіледі, деп хабарлады Pm.kz. сайтына берген сұхбатында Назарбаев Университетіндегі Ғылым жөніндегі орталық кеңсенің директоры Ғани Нығыметов.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Назарбаев Университеті инновациялық-интеллектуалдық кластердің орталығына айналады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Назарбаев Университетінің" айналасында жаңа технологиялар тасымалы мен құрылуына көмектесетін инновациялық-интеллектуалдық кластер құрылуда, кейін ол өндіріске енгізіледі, деп хабарлады Pm.kz. сайтына берген сұхбатында Назарбаев Университетіндегі Ғылым жөніндегі орталық кеңсенің директоры Ғани Нығыметов.

Ғылым жөніндегі орталық директорының айтуынша, бүгінгі таңда университетте 65 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда, олардың ішінде 19 жобаны мемлекеттік тапсырыс ретінде Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырып отыр. Сондай-ақ университет ғылыми орталықтардың 11 гранттық жобасын жүзеге асыруда.

"Және де биыл біздің ұстаздарымыз студенттерді тарта отырып, 35 жобаны іске асыруда. Бұл жобалардың барлығын университет өз қалтасына қаржыландырып отыр", - дейді Ғ.Нығыметов.

Оның атап өтуінше, жобалардың барлығы іске асырылу сатысында, олардың негізгі мақсаты нәтижеге қол жеткізу.

"Бұл жобалардың мақсаты - нәтижені өндіріске енгізу немесе оларды коммерцияландыру. Осы межеге жету үшін университетте коммерцияландыру кеңсесі құрылып, тұжырымдама дайындалып жатыр және Елбасының тапсырмасы бойынша университет айналасында инттелектуалдық-инновациялық кластер құрылуда", - дейді Ғани Нығыметов.

Сондай-ақ университетте жаңа құрылымдық бөлім - ғылым жөніндегі Орталық кеңсе құрылған. Кеңсе ғалымдар мен зерттеулерге техникалық және ұйымдастыру саласында қолдау көрсететін болады.

"Кеңсенің негізгі мақсаты - ғалымдар мен зерттеулерге барынша техникалық қолдау көрсету", - деп түйіндеді Ғ.Нығыметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны