12.01.2012, 15:25 3852

Назарбаев Университетіне 12 елден 2468 талапкерлері тіркелді

"Қазақстанмен қоса резидент елдердің тізіміне тағы 11 мемлекет кірді. Университет сайтында 2011 жылдың 9 қарашасында басталған тіркеу 2012 жылдың 30 қаңтарында аяқталады", - делінген хабарламада.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Назарбаев Университетіне 12 елден 2468 талапкерлері тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 12 қаңтарға дейін Назарбаев Университетіне 2012 жылға 2468 талапкер тіркелді. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазақстанмен қоса резидент елдердің тізіміне тағы 11 мемлекет кірді. Университет сайтында 2011 жылдың 9 қарашасында басталған тіркеу 2012 жылдың 30 қаңтарында аяқталады", - делінген хабарламада.

Өтініштер Қазақстанның барлық аймақтарынан және басқа елдерден де келіп жатыр. Тіркелген кандидаттардың 21,5% - астаналықтар, 18,9% - алматылықтар, 8% жуық - Оңтүстік Қазақстан облысын құрайды. Сонымен қоса, 21 сұраным АҚШ, Алжир, Армения, Ауғанстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Нигерия, Өзбекстан, Ресей Федерациясы мен Франция елдерінен түсті.

Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 2468 талапкердің ішінде - 1297 қыз және 1171 жігіт.

Назарбаев Университеті естеріңізге салады: Университет 2012 жылы Foundation бағдарламасы бойынша оқыту жүргізбей-ақ, бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайды. Осы талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу жаңа жылда Университет сайтында ашылады.

2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501 Университет студенттері атанып, ағымдағы жылдың күзінде оқуларын бастады. 2012 жылда Назарбаев Университетінің Foundation бағдарламасында оқуға Қазақстан азаматтарына елімізде тағы 500 мемлекеттік грант бөлінуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны