21.11.2018, 12:49 7066

Назарбаев Университетініӊ пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы халықаралық сараптамадан сәтімен өтті

Химия, физика, биология және информатика пәндерін орта мектептердіӊ 10-11 сыныптарында ағылшын тілінде оқыту 2019 жылы басталады деп күтілуде.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - Назарбаев Университетініӊ STEM пәндерді ағылшын тілінде оқыту бағдарлама сәтті түрде халықаралық тәуелсіз сараптама өтті, және келесі санаттар бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігі анықталды: 1) менеджмент, 2) инфрақұрылым мен ресурстар 3) контент 4) әдістеме. Халықаралық бағалау қолданыстағы білім беру бағдарламасыныӊ сапасын тексеруге, және де халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтауға мүмкіндік берді.

Есіӊізге сала кетсек, соӊғы екі жыл ішінде жаратылыстану-ғылыми бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін Назарбаев Университетінде қазақстандық 5 мыӊ мұғалім даярлық өтті. Қазақстан Республикасында үш тілде білім беру саясаты аясында 2017-2018 жылдары Назарбаев Университеті химия, физика, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту үшін 5 мыӊнан астам қалалық және ауылдық мектеп мұғалімдерін дайындады. Бағдарлама түлектері тиісті халықаралық тілдік емтиханды ойдағыдай тапсырып, қажетті ағылшын тілін меӊгеру деӊгейі - B2 деӊгейін растады.

Химия, физика, биология және информатика пәндерін орта мектептердіӊ 10-11 сыныптарында ағылшын тілінде оқыту 2019 жылы басталады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны