24.10.2007, 17:04 3094

Неаполь қаласында бейбітшілік үшінгі конфессияаралық 21-ші кездесу аяқталды

Неаполь қаласында бейбітшілік үшінгі конфессияаралық 21-ші кездесу аяқталды.

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Неаполь қаласында бейбітшілік үшінгі конфессияаралық 21-ші кездесу аяқталды, оған сенат төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруындағы Қазақстан Республикасының парламенті өкілдері мен дін қайраткерлері қатысты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының парламент ісенатының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесудің жабылу салтанаты Бейбітшілік үшін мәлімдемеге қол қоюмен аяқталды, оған қазақстандық діни бірлестіктердің басшылары да қол қойды, деп айтылған хабарламада.

Сонымен қатар, Бүкілхалықтық дауыс беру алаңында Рим папасы Бенедикт XVI қатысуымен бейбітшілік үшін дұға оқылып, оған Италия Республикасының президенті Джорджио Наполитано қатысты.

Сондай-ақ баспасөз баянында, Неаполь қаласында сенат төрағасы Қ. Тоқаевтың Италия Республикасының президенті Джорджио Наполитаномен кездесуі өткендігі хабарланған. Ол ұлтаралық және дінаралық келісімнің қазақстандық моделін жоғары бағалап, Қазақстанда өткізіліп отырған әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезінің маңызын атап өтті.

Қ. Тоқаев өз кезегінде 21-ші дінаралық келіссөздердің маңызына тоқтала отырып, аяқталған кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтті.

Қазіргі уақытта, сенаттың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қазақтандық өкілдер Римде жүр, онда Қ. Тоқаев екіжақты кездесулер өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны