02.07.2009, 14:10 3471

Нөсер жаңбырдан зардап шеккен Алатау ауданының тұрғындары "Саялы" атты жаңа ықшамауданнан пәтер кілттерін алды

Нөсер жаңбырдан зардап шеккен Алатау ауданының тұрғындары "Саялы" атты жаңа ықшамауданнан пәтер кілттерін алды

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Нөсер жаңбырдан зардап шеккен Алатау ауданының тұрғындары "Саялы" атты жаңа ықшамауданнан пәтер кілттерін алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 2 маусымында Алматы қаласы Алатау ауданының әкімшілік орталығы ашылып, "Саялы" мөлтек ауданының тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды.

Кілт тапсыру салтанаты мен Алатау ауданы әкімдігі орталығының тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылдың шілде айында Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі аясында жаңа әкімшілік Алатау ауданы пайда болды. Оның құрамына Иуезов, Жетісу, Алмалы ауданының жер бөліктері енді. Жаңа ауданның жер көлемі- 7190 га.

Жаңа әкімшілік ауданның құрамына ,сонымен қатар, мына елді мекендер де енді: "Өжет", "Красный трудовик", "Заря Востока", "Ұлжан" - 1,2, "Дархан", "Байбесік", 6-градкомплекс, "Шаңырақ" - 1, 2, 3, 4, 5, 6, "Көкқайнар", "Ийгерім" - 1, 2, "Құрылысшы", "Түркістан", "АДК", "Ақбұлак", "Алғабас".

Жаңа аудан ашудағы басты мақсат - Алматы қаласын солтүстік және солтүстік- батысқа қарай дамыту, елді мекендердің тұрмыс жағдайын жақсарту.

Жаңа әкімшілік ауданда есепті мерзімнің аяғына дейін 15 мың шаршы метр тұрғын үй қоры, мектеп жасына дейінгі 74 нысан, орта білім беретін 82 мектеп, сменасына 9100 адам қабылдайтын емхана, 60 дәріхана салынады.

Бұлардан өзге, ауданның әлеуметтік - мәдени саласы да әрі қарай дамып, кинотеатрлар, ойын- сауық орындары, кітапханалар, байланыс бөлімшелері, банктер, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, құқық қорғаудың тірек пункттері пайда болады.

Жаңа әкімшілік аудан дамып, өз деңгейіне жеткен кезде қала мен ауыл арасындағы елеулі айырмашылық жойылып, қаланың орталық аудандарымен бірігеді. Бұл Қазақстанның туристік, білім және мәдени орталығы болып табылатын әсем Алматыны бұрынғыдан да асқақтата түседі.

2009 жылдың 29 мамырында Алатау ауданының солтүстік - батысындағы 81 гектар жерге нөсер жаңбырдан зардап шеккен "Шаңырақ-1" және "Шаңырақ -2" мөлтек аудандарының тұрғындары үшін "Саялы" деп аталатын жаңа ықшамаудан салынды.

Мұндағы үйлер мен жерлер "қызыл жиекке" заңсыз үй салғандарға да берілетін болады. Өйткені, олардың үйлері заңдастыруға жатпайды.

Жеке үйлер салу үшін жаңа ықшамауданға қалалық бюджеттің резервтік қорынан қосымша қаржы бөлінді. Ықшамаудан аумағындағы әр 6 соттық жерге 62 үй орналасқан. Оның әрқайсысының көлемі - 25 шаршы метр, мұндағылар кейін үйлерін кеңейте алады. Құрылыс нақтылы жоспарлау жобасына сай жүргізілді.

Болашақта аудан аумағынан үйлері заңсыз салынғандарды тұрғын жаймен қамтамасыз ете алатын құрылыс компаниялары мен инвесторларға кең ауқымда жер бөлінетін болады, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны