01.04.2016, 16:07 4528

Nur.kz порталы заӊсыз жолмен 537 млн теӊге болатын 542 мақала ұрлады деп айыпталып отыр

Авторлық құқық қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан қоғамдастығы "Nur.kz" интернет порталын Қазақстандағы заӊнамалық актілерге толық түсініктеме беретін "Defacto.kz" порталынан барлығы 542 мақала ұрлады деп, сотқа берді

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Авторлық құқық қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан қоғамдастығы "Nur.kz" интернет порталын Қазақстандағы заӊнамалық актілерге толық түсініктеме беретін "Defacto.kz" порталынан барлығы 542 мақала ұрлады деп, сотқа берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қоғамдастықтыӊ арызы бойынша, Nur.kz интернет порталы өзініӊ "zakon.nur.kz" бөлімін құрған кезде осы айдарға салынған ақпараттыӊ бәрін заӊ саласындағы танымал сайттыӊ бірі - Defacto.kz сайтынан алған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кетейік, "Defacto.kz" интернет ресурсы 2003 жылы "De Facto" заӊ фирмасыныӊ бастамасымен құрылған сайт. Қазір сайт толықтай заӊнама жөніндегі энциклопедияға айналған. Міне, бұл сайт 2015 жылдыӊ қыркүйегінде "Nur.kz" порталы материалдарын заӊсыз көшіріп басқанын анықтаған.

"Internet Portal Nur" ЖШС-на қарайтын Nur. порталы өзініӊ сайтынан "Заӊнамалық энциклопедия" (http://zakon.nur.kz/yuridicheskaya-entsiklopediya) бөлімін ашқан.

Бұл бөлімде барлығы 542 мақала заӊсыз жарияланғаны анықталып отыр, себебі, 542 мақаланыӊ барлығын Defacto.kz сайтыныӊ авторлары жазып шыққан.

Мақаланы жариялаған Nur.kz авторлардыӊ келісімін алған емес, деп хабарлады дереккөзі.

"Сондықтан, мақала авторлары "Авторлық құқықты қорғау жөніндегі Солтүстік Қазақстан қоғамдастығы" атты қоғамдық бірлестік құрып, азаматтық сот өндірісі негізінде авторлық құқықтарын қорғау үшін "Internet Portal Nur" ЖШС мен "Нұрхост" ЖШС-ныӊ үстенін сотқа арыз жазды. Арыз беруші барлығы 572 авторлық меншіктіӊ әрқайсысы үшін өтемақы өндіруді; "Internet Portal Nur" ЖШС-на қарайтын "Nur.kz" интернет ресурсыныӊ жұмысын 3 айға тоқтатуды; авторлық құқықтардыӊ көшірмесін жасаған "Internet Portal Nur" ЖШС мен "Нұрхост" ЖШС-ныӊ материалдары мен құрылғыларын тәркілеуді талап етіп отыр",-делінген қоғамдастықтыӊ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Арыз берушініӊ мәліметіне сүйенсек, олар 2016 жылдыӊ 3 ақпанында сотқа шағым түсірген. Шағымды білген соӊ, Nur.kz айыптыӊ барлық дәлелін жоюы мүмкін деп қауіптенген арыз беруші алдын алу шараларын жасапты.

"Nur.kz порталы көшірме материалдар туралы барлық дәлелді жоюға тырысуы мүмкін деп қауіптенгендіктен, арыз беруші тарап бүкіл дәлелді нотариус арқылы бекіткен. Нотариус Nur.kz порталында шыққан әрбір көшірме мақаланыӊ сілтемесін растап, скринштотты бейнетаспаға түсірді. Арыз беруші авторлардыӊ күмәні дәл келді. Соттан ескерту қағаз алған соӊ, Nur.kz порталы заӊсыз көшірген материалдарды жоя бастады, яғни, сайтындағы мәтіндерді жойып жіберді. Бірақ, біздіӊ дәлелімізді мына сілтеме https://yadi.sk/d/AQsSHo7YmZmsS бойынша көре аласыздар",-деп хабарлады дереккөз.

Жалпы, арыз беруші тарап Nur.kz порталынан 537 млн теӊге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.

БАҚ-тарда бұл мәселе жазыла бастаған соӊ, Nur.kz порталыныӊ бас директоры Қуат Бахридинов өз порталында осы мәселеге қатысты пікірін білдірді.

"Біздіӊ интернет порталға қатысты авторлық құқықты қорғау бойынша арыз түсті. Сот процесі әлі басталған жоқ. Сот процесін күтеміз",-деген ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны