07.03.2017, 12:11 6713

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

"Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 6 азамат тіркеліп, өз өтініштерін білдірді.

Қызылорда. 7 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 6 азамат тіркеліп, өз өтініштерін білдірді.

Солардыӊ бірі қала тұрғыны Ақнұр Жәрімбетова. Азаматшаныӊ айтуынша, ол 8 жасында ата-анасынан айырылып, қазір ағайындарыныӊ үйінде тұрады екен. 2013 жылы жетім және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша пәтер кезегіне тұрған. Болашақта ағайындарына салмақ салмай өз үйінде тұрғысы келеді.

- Партия қабылдауына тезірек баспаналы болуыма көмек сұрап келдім, - дейді ол. Мәселемен жіті танысқан филиал төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ақнұр Жерімбетоваға жетім және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз балаларға пәтер беру реттілігін заӊ аясында түсіндіріп, өзі тікелей қадағалап, қолдау көрсететінін жеткізді.

Ал, батыр ана Күлшара Қаражанова болса 2016 жылдан бері тұрғын үйін жекешелендіре алмай жүргенін айтып шағымданды. Оныӊ айтуынша кезінде баспанасына техникалық паспорт дайындағанда жер рәсімделмей қалған. Батыр ана 7 ай бойы жер құжаттарын рәсімдей алмай жүргендіктен "Нұр Отан" партиясына көмек сұрап келген. Ибадулла Құттықожаев азаматшаныӊ мәселесіне қатысты партия филиалы тарапынан арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.

Ал Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылыныӊ тұрғыны Берік Жалғасбаев мемлекеттік бағдарлама аясында сырттан көшіп келгендігін айтып, пәтер мәселесін шешіп беруге көмек сұрады. Азаматтыӊ өтінішіне сай Ибадулла Құттықожаев Қармақшы аудандық жұмыспен қамту бөліміне телефон арқылы хабарласып, жақын арада мәселеніӊ шешілетінін айтып қуантты.

Қабылдау барысында Ибадулла Дүйсенбайұлы жыл басынан тұрғындардан 677 арыз-шағым келіп түскенін, оныӊ 151-і оӊ шешімін тапқанын атап өтті. Сондай-ақ, қабылдауға келген барлық азаматтардыӊ өтініштері назарға алынып қаралатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны