25.09.2017, 15:21 4520

Нұрлан Ермекбаев жастарға армандауға, жақсы іспен айналысуға ұмтылуға кеӊес берді

Ақтау қаласында ауқымды шара өтіп жатыр. Халықаралық жастар форумыныӊ жұмысына жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, студенттер, Түрікменстан, Иран, Ресей мемлекеттерініӊ және еліміздіӊ жас мамандары қатысуда.

Ақтау. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықаралық жастар форумында Қазақстан Республикасыныӊ Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысыныӊ сөйлеген сөздерінен жастар өздерініӊ өміріне қажетті маӊызды бағыт таба алатынын айтты.

Ақтау қаласында ауқымды шара өтіп жатыр. Халықаралық жастар форумыныӊ жұмысына жастар ұйымдарыныӊ өкілдері, студенттер, Түрікменстан, Иран, Ресей мемлекеттерініӊ және еліміздіӊ жас мамандары қатысуда.

Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген министр Нұрлан Ермекбаев: "Қазақстан Президентініӊ өнегелі сөздерінен заманауи жас азамат өмірлік жолы үшін маӊызды әрі пайдалы кеӊес ала алады. "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасында Елбасы ұлттық тарих пен мәдениетті, дәстүрлерді ұмытпай, заман ағымына сәйкес жылжып, прагматикалық бағытпен дамуға кеӊес берді. Осыны назарға қойсаӊыз, алға қойған мақсаттарыӊызға жетуге болады",- деп атап өтті.

Нұрлан Ермекбаев жастарға өмірде дұрыс мақсат-міндеттер қойып, пайдалы істермен айналысуға кеӊес берді.

"Жастар арманшыл келеді. Бұл өте дұрыс. Біреулер өмірде адамзатты жазылмас дерттен сауықтырсам деп армандайды, біреулер жаӊа отын түрімен жұмыс істейтін энергетикалық қондырғы ойлап тапсам деп армандайды, біреулер бизнес империя құрсам деп армандайды. Ал, біреулер ақыретті ойлап, жақындарын уайым-қайғыға салады. Сондықтан, өмірде дұрыс таӊдау жасаӊдар. Өмір сүруге ұмтылыӊдар, армандаӊдар, уақытты босқа өткізбей өмірде пайдалы іспен айналасуға ұмтылыӊдар. Өздеріӊніӊ парасаттарыӊ мен білімдеріӊе, ерік-жігерлеріӊе сеніӊдер"-деп жастарға кеӊес берді министр.

Министр келтірген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, ел жастарыныӊ 82 пайызы "жанұяны", 57,5 пайызы "денсаулықты", 32 пайызы "достықты", 15,8 пайызы "бақытты өмірді", 15,5 пайызы "махаббаты" өмірдегі басты құндылыққа жатқызады екен. Жастар саясатыныӊ мақсаты- жастардыӊ рухани, мәдени тұрғыда жетіліп, білім алуына, кәсіби дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсету. Мемлекет жастардыӊ өмірлік бағыттары мен олардыӊ әлеуметтік деӊгейініӊ жоғары болуы және мемлекеттіӊ дамуына жастардыӊ өз үлестерін қосуы жолында қажетті жағдайды жасауда",-деді Нұрлан Ермекбаев.

Сондай-ақ Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастардыӊ жұмыспен қамтылуы бағытында елімізде бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар екендігін айтты. Атап айтқанда "Дипломмен ауылға", "Жастар тәжірибесі", "Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" ( БЖК 2020) бағдарламалары сәтті жүзеге асуда. Бұдан бөлек, өӊірлерде жастардыӊ мемлекеттік бағдарламалар бойынша біліктілігін арттыру бағытында арнайы жұмыс істейтін 208 ресурстық орталықтары бар.

Халықаралық форум барысында "Caspi Leader Camp" жастар лагері, Қазақстан-Изербайжан жастарыныӊ әріптестік күндері, пленарлық отырыс, "Рухани жаӊғыру" республикалық акциясыныӊ жабылу салтанаты сияқты маӊызды іс-шаралар өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны