01.07.2015, 15:24 3830

"Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде "Бәйтерек" холдингі Қазақстан қалаларында 2 800 мыӊға жуық жаӊа пәтерді тапсыруды қамтамасыз етті

Бүгін Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе қалаларыныӊ тұрғындары жаӊа пәтер иелері атанды. Мұнда "Бәйтерек" холдингі іске асыратын "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарлама аясындағы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағыты бойынша пәтерлердіӊ кезекті пулын үлестіру бойынша іс-шаралар өтті.

Астана. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астана, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе қалаларыныӊ тұрғындары жаӊа пәтер иелері атанды. Мұнда "Бәйтерек" холдингі іске асыратын "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарлама аясындағы жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бағыты бойынша пәтерлердіӊ кезекті пулын үлестіру бойынша іс-шаралар өтті. Ағымдағы жылғы шілдеде осы қалаларда үлестірілуі жоспарланған пәтерлердіӊ жалпы саны - 360-ты құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Пәтерлердіӊ 50 %-ы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында үлестірілсе, қалған бөлігі бюджеттік ұйымдардыӊ қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім, ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар, толық емес отбасы және әскери қызметшілер арасында үлестірілді. Кезекте тұрғандардыӊ тізімін жергілікті атқарушы органдар іріктеп, төлем қабілеттілігін растау үшін "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ-ға (ҚИК) жолдады.

"Бәйтерек" холдингі осы жылғы көктемде (наурыз, сәуір) Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Семей, Қостанай қалаларында үлестіру үшін 2 437 пәтер ұсынды. Осы объектілер бойынша қазіргі кезде ҚИК Бағдарлама қатысушыларымен шартқа қою рәсімін аяқтауда.

Осылайша, ағымдағы жылдыӊ басынан бері Холдинг Қазақстан қалаларында 2 797 мыӊ жаӊа пәтерді пайдалануға тапсыруды қамтамасыз етті.

Холдингтіӊ Басқарушы директоры Сержан Мәдиев Холдинг пен оныӊ еншілес ұйымдарыныӊ басым міндеттерініӊ бірі қазақстандықтардыӊ көптеген жіктерін баспанамен қамтамасыз ету бойынша Президенттіӊ тапсырмасын орындау бөлігінде "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру болып табылатынын және оны іске асыру ерекше бақылауға алынғанын атап айтты.

"Нұрлы жол" бағларламасыныӊ арқасында тұрғын үй құрылысы бөлігінде мемлекет аса тиімді талаптар негізінде халықтыӊ әлеуеметтік әлсіз топтарын қолжетімді, арзан баспанамен қамтамасыз етудіӊ тетіктерін таба білді", - деп мәлімдеді С. Мәдиев.

Холдинг жалпы ауданы 453,5 мыӊ шаршы метрлік (7805 пәтер) 49 нысан бойынша шартқа қол қойды, оныӊ ішінде 2015 жылы - 361 мыӊ шаршы метр (6185 пәтер) және 2016 жылы - 92,6 мыӊ шаршы метр (1620 пәтер) пайдалануға беріледі.

Бүгінде пәтер үлестіріліп жатқан бес қалада сатып алынған және салынған жалдамалы тұрғын үйлер: Алматы қ. - 88,6 мыӊ шаршы метр, Астана қ. - 20 мыӊ шаршы метр, Ақтөбе қ. - 13,8 мыӊ шаршы метр, Павлодар қ. - 25 мыӊ шаршы метр, Қостанай қ. - 5,8 мыӊ шаршы метр.

Жалпы, 2015 жылы "Бәйтерек" холдингі және оныӊ еншілес құрылымдары - "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ мен "Бәйтерек девелопмент" АҚ жергілікті атқарушы органдардыӊ кезегінде тұрғандар үшін 401 мыӊ шаршы метрді немесе шамамен 7 000 пәтерді сатып алу мен салуды жоспарлар отыр.

Сонымен қатар, "Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасын" іске асыру аясында Бағдарламаны іске асырудыӊ бүкіл кезеӊі ішінде жалға берілетін тұрғын үйдіӊ 1483 мыӊ шаршы метрін немесе шамамен 29 мыӊ пәтер беру жоспарланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны