31.08.2016, 17:16 6695

"Нұрлы жол": Жамбыл облысында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді

Жыл соӊына қарай жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға тағы 80 пәтерлі тұрғын үйдіӊ кілті тапсырылады.

Тараз.31 тамыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған "Арай" тұрғын алқабында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Тараз, Жаӊатас, Масаншы ауылында 280 орындық мемлекеттік және Шу қаласында 200 орындық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде соғылған балабақшалар ашылды.

Жаӊа мектепке дейінгі білім мекемелерінде барлық заманауи талаптарға сай еӊ озық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балабақшаларда музыка залы, екі спорт залы, бассейн, ойын бөлмелері және алаӊдары бар.

Балабақшаныӊ аумағы толығымен абаттандырылған, бала-шағаныӊ денсаулығына пайдалы саябақ, спорт және ойын алаӊдары бар.

Жалпы Конституция күніне орай, заманауи үлгіге сай "Нұрлы жол" бағадарламасы аясында және жерғілікті бюджет есебінен 5 жаӊа мектеп, 4 балабақша іске қосылды.

Сонымен бірге, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған Тараз қаласындағы "Арай" тұрғын алқабында 80 пәтерлі тұрғын үйдіӊ кілттері тапсырылды. Тұрғын үйдіӊ құрылысын жүргізген "Агроспецстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын 2015 жылы бастаған.

Жыл соӊына қарай жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға тағы 80 пәтерлі тұрғын үйдіӊ кілті тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны