01.09.2015, 15:00 5603

Нұрсұлтан Назарбаев оқушылар мен студенттерді Білім күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Президентініӊ Бейжіӊдегі резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушыларын, студенттер мен олардыӊ ата-аналарын Білім күнімен құттықтады

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президентініӊ Бейжіӊдегі резиденциясында өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірінші сынып оқушыларын, студенттер мен олардыӊ ата-аналарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Бүгін - білім күні, 1 қыркүйек. Мен біздіӊ барлық оқушыларымыз бен студенттерімізді, олардыӊ ата-аналарын Білім күнімен құттықтаймын. Бүгін 7,5 мыӊ мектеп оқушыларға есігін айқара ашады. Еӊ қызығы, 300 мыӊ бала бірінші сыныпқа барады. Бір жылда мұнша бала алғаш рет 1-сыныптыӊ табалдырығын аттағалы отыр. Осы жылдар ішінде, өздеріӊіз білесіздер, біз мектептердіӊ құрылысы қарқынды түрде жүргізіп отырдық, бала бақшалар ашылды, өйткені олар - біздіӊ болашағымыз. Бүгін 1-сыныпқа барған бала 2050 жылы Қазақстан экономикасыныӊ барлық саласында еӊбек ететін болады, міне, сондықтан да біз оларды оқытып-тоқытамыз, мәселеніӊ мәнісі осында жатыр, - деді Мемлекет басшысы, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Мен ата-аналар балаларына білім беру жолында ештеӊені де аямайтынын білемін. Бұл өте дұрыс. Барлықтарыӊызды Білім күнімен құттықтаймын. Мен биылғы жылы әрбір бірінші сынып оқушысына біздіӊ отанымыз - Қазақстан туралы кітап сыйға тарттым. Олардыӊ қуанышында шек жоқ деп ойлаймын, - деп толықтырды Президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бірінші сынып оқушыларына биыл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ атынан "Меніӊ Отаным - Қазақстан" кітабы сыйға тартылды.

"Меніӊ Отаным - Қазақстан" кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Балдырғандарға арналған кітапта Отанымыз туралы еӊ қызықты деректер жеӊіл әрі ұғынықты тілмен баяндалған. Бұл оқулықтан еліміздіӊ елордасы Астана туралы, Алматы мен 14 облыс жөнінде қысқаша ақпарат табуға болады.

"Қазақстанныӊ болашағы жарқын. Елімізде татулық, береке болады. Бұған достарыӊмен бірге сен де өз үлесіӊді қосасыӊ. Білім әлеміне саяхатыӊ сәтті болсын!", - делінген Елбасыныӊ бірінші сынып оқушыларына арнаған жолдауында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны