24.09.2020, 21:46 8611

"Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту" тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті

Өз сөзінде А.Балаева мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылауды дамытудағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Алматы. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - 23 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша "Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту" тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Өз сөзінде А.Балаева мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылауды дамытудағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Министр "Азаматтық альянстың" жаңа президенті Б.Нұрғазиеваға: "Біз Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық белсенділіктің негізгі өзегіне айналып, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты байланыс орнататын маңызды элемент болатынына сенімдіміз" - деді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны