25.06.2015, 12:54 4111

Облыс аумағында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында айлық өткізілуде

Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлерімен "26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" аясында арнайы айлық өткізіліп, оныӊ барысында облыс көлемінде жастар мен жасөспірімдер, бұқара қауым арасында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды

Қызылорда. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлерімен "26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" аясында арнайы айлық өткізіліп, оныӊ барысында облыс көлемінде жастар мен жасөспірімдер, бұқара қауым арасында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айлық барысында Арал ауданыныӊ "Қамбаш" балалар орталығында хауызда жүзуден жарыс өткізілді. Қатысушылар өздерініӊ суда "балықтай" жүзе алатынын және Арал теӊізі жағалауында туып-өскендерін дәлелдей алды.

Сонымен қатар, балалар орталығыныӊ демалушылары тарапынан "Есірткісіз болашақ!" ұранымен флешмоб ұйымдастырылып, оған 200 жеткіншек қатысты.

"26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні" аясында Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан үгіт-насихат жұмыстары да іске асырылуда. Облыс көлемінде арнайы үлгідегі есірткі мәселесіне және есірткі жайлы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарласуға болатын "Сенім" телефоны көрсетілген полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, олар халықтыӊ көп шоғырланатын жерлеріне ілінді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны