01.04.2015, 21:41 4192

Өкілетті орган Калачи ауылы әкiмiніӊ не үшін қызметтен шеттетілгенін түсіндірді

Ақмола облысындағы "ұйқы ауруымен" ел назарын аударған Калачи ауылыныӊ бұрынғы әкiмi Исел Сәдуақасованыӊ жұмыстан қуылуына қатысты Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсiнiктеме бердi

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысындағы "ұйқы ауруымен" ел назарын аударған Калачи ауылыныӊ бұрынғы әкiмi Исел Сәдуақасованыӊ жұмыстан қуылуына қатысты Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі түсiнiктеме бердi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Калачи ауылыныӊ бұрынғы әкiмiн қызметтен шеттету шешiмi Ақмола облысыныӊ тәртiптiк кеӊесiнiӊ талқылауына арқау болды. Тәртiптiк - кеӊес алқа органы және онда мемқызметкердiӊ жасаған олқылықтары түгел қаралады. Тәртiптiк және этикалық бақылау - кәсiби мемлекеттiк қызметтi құрудыӊ басты бағыты. Себебi, қылмыстық әрекеттер қызметтiк этиканыӊ қарапайым нормаларын бұзудан басталады. Аспектiлердiӊ барлығы жинақтала келе, осындай шешiмге келуге себеп болған шығар", - дедi бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Саян Ахметжанов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске сала кетейiк, 30 наурыз күнi Ақмола облысы Калачи ауылыныӊ әкiмi Исел Садуақасова жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты тәртiптiк кеӊестiӊ шешiмiмен қызметінен шеттетiлдi. Ол заӊ нормаларын бұза отырып, қараусыз жатқан жерлердi компаниялардыӊ бiрiне берген. Өз кезегiнде қызметтен кеткен экс-әкiм мұндай шешiмге наразы және сотқа жүгінбек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны