16.03.2018, 22:18 4089

ОҚО әкімі Сарыағаштағы оқиғаға байланысты жауапты азаматтарға шара қолданды

Яғни аталған мәселе бойынша тергеу амалдарыныӊ объективті және жан-жақты жүргізілуініӊ қамтамасыз ету үшін, тергеу амалдарыныӊ аяқталғанына дейін осы оқиғаға қатысты барлық лауазымды тұлғалар мен жауапты қызметкерлер өз қызметтерінен уақытша шеттетілді

Шымкент. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектептердегі орын алған келеӊсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды.

Жиында әкім аталған оқиға дер кезінде назарға алынып, тиісті жұмыстар атқарылмағандықтан бұқаралық ақпарат пен қоғам арасында резонанс тудырғанын айтып, осы мәселеге қатысты жауапты азаматтарға шара көрілетінін жеткізді.

Яғни аталған мәселе бойынша тергеу амалдарыныӊ объективті және жан-жақты жүргізілуініӊ қамтамасыз ету үшін, тергеу амалдарыныӊ аяқталғанына дейін осы оқиғаға қатысты барлық лауазымды тұлғалар мен жауапты қызметкерлер өз қызметтерінен уақытша шеттетілді.

Атап айтсақ, ҚР заӊдылықтарына сәйкес облыс әкімініӊ орынбасары Ұ.Сәдібековке қатаӊ ескерту берілді. Сондай-ақ, Сарыағаш аудандық жергілікті полиция қызметі басшысы О. Бердалы мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылдық жергілікті полиция бөлімшесініӊ басшысы И.Ибрагимов, ювеналды полиция бөлімшесініӊ №73,№74 жалпы орта мектептеріне жауапты полиция инспекторы Қ.Сәриевтер қызметтерінен босатылды.

"Сонымен қатар аудандағы жағдайды дер кезінде назарға алып, тиісті шара қабылдамаған аудан әкімі Қ. Ибдуәлиевке қатаӊ сөгіс жариялаймын. Бұдан бөлек, сол салаға жауапты аудан әкімініӊ орынбасары Қ. Қыстаубаевқа шара көруді және Сарыағаш аудандық білім бөлімініӊ басшысы Б.Майрихов пен №73, №74 жалпы орта мектеп директорларына тергеу амалдары аяқталғанша жұмыстан шеттетеуін тапсырамын", - деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ, өӊір басшысы облыстық білім басқармасыныӊ басшысы И.Сағындықовқа сөгіс түрінде шара көрілетінін атап өтті.

Мұнан басқа әкім аталған мәселе бойынша эксперттік комиссиямен ауданда және облыста екі рет медициналық тексерулер жүргізіліп, қорытындысы бойынша баланыӊ зорланғандығы расталмағанын мәлім етті.

Жиын барысында өӊір басшысы облысымызға бала жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваныӊ арнайы келіп, "жоғары сынып оқушылары тарапынан зорлық көрді" делінінген баланыӊ жай-күйімен танысқанын және оны Астана қаласындағы арнайы мамандардыӊ қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптамасына өткізу үшін алып кеткенін жеткізді. Ендігі уақытта бұл мәселе қатаӊ бақылауға алынып, өӊірдегі барлық білім ұяларында профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны