14.11.2016, 11:55 4194

ОҚО әкімі "Шымкент қалашығы" этно-мәдени кешенініӊ жобаларымен танысты

Көне Шымкент шаһарыныӊ нақ осы маӊнан басталатынын айтқан өӊір басшысы бұл мекен туристердіӊ көптеп келетін орталығына айналуы тиістігін, қала сол талаптарға сай сұлу да, таза болуы керектігін жеткізді.

Шымкент. 14 қараша. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы 17 шағын ауданында орналасқан гүлзардыӊ қайта құру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Егемендігіміздіӊ ширек ғасырлық мерейтойына орай, ел игілігіне берілген демалыс орныныӊ ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қатысты.

Тұрғындардыӊ қуанышымен бөлісе келген өӊір басшысы барша шымкенттіктерді ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығымен құттықтап, қаламызды жасыл желекке айналдыру үшін шымкенттік әрбір тұрғынды бір тал ағаш егуге шақырды.

"Бұл жер Сіздердіӊ сүйікті демалыс орындарыӊызға айналатынына сенімім мол. Халықтыӊ тынығуына жағдай жасау мақсатында қалада көгалдандыру жұмыстары қарқын алып, көптеген демалыс орындары қайта жөндеуден өтіп жатыр. Осы сұлулықты сақтап қалу үшін тұрғындардыӊ да көмегі қажет. Меніӊ әкем зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі ғұмырында 3 мыӊ терек еккен. Сондықтан, әр қайсыӊыздыӊ қаланыӊ жасыл желекке айналуына үлес қосуларыӊызды сұраймын және бірлесе жұмыс жасауға шақырамын",- деді Ж.Түймебаев өз құттықтау сөзінде.

Жандарбеков көшесі бойынан ашылған ашық алаӊды жөндеуге 58,4 млн. теӊге жұмсалған. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орнын іске асыруда жолаяқтар жөнделіп, қалытқылы орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарықтандыру бағаналары орнатылды. Сонымен қоса, көгалдандыру және суару жүйесі жүргізіліп, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемей тұрған субұрқақтар қайта жөндеуден өткізілді. Осылайша, Шымкентке көрік беретін демалыс аймақтарыныӊ саны артты.

Айта кету керек, Шымкент қаласында бүгінде көлемі 160 га құрайтын 8 саябақ пен 30 сквер бар. Олардыӊ бірқатары - "Мәртөбе", "Наурыз" саябақтары жөндеуді қажет етсе, шаһардағы ескі қоқыс орнын саябаққа айналдыру жұмыстары да жоспарда бар. Алдағы уақытта "Қарасу" және "Шымтөбе" скверлеріне де қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады.

Осы күні аймақ басшысы Ж.Түймебаев Шымкенттегі ескі шаһар аумағын қайта қалпына келтіру бойынша жасалынған "Шымкент қалашығы" этно-мәдени кешенініӊ жобаларымен танысты.

Көне қаланыӊ территориясындағы қазба жұмыстарын жалғастырып, әрі оны тиімді пайдалану бойынша әзірленген тұжырымдамамен танысқан аймақ басшысы аталған жоба аясында жұмыстарды толықтырып, жобалық сметалық құжаттарын дайындап, келісімдер жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге, суретшілер үшін шеберхана салу да осы маӊнан ұйымдастыруға болатынын ескертіп, киелі тарихи орындар мен кесенелердіӊ макеттерін орналастыру қажеттігін айтты.

Көне Шымкент шаһарыныӊ нақ осы маӊнан басталатынын айтқан өӊір басшысы бұл мекен туристердіӊ көптеп келетін орталығына айналуы тиістігін, қала сол талаптарға сай сұлу да, таза болуы керектігін жеткізді.

Айта кетейік, аталған жоба іске асқанда төбешіктіӊ айналасында сауда, ойын-сауық орталығы мен музей, мұз айдыны, лекция залдары мен шеберхана және әмбебап көрме залдары салынады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны