05.05.2016, 16:24 4271

ОҚО әкімі төтенше жағдайларды болдырмаудыӊ алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде өӊір басшысы Бейбіт Атамқұловтыӊ төрағалығымен төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияныӊ отырысы өтті

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімдігінде өӊір басшысы Бейбіт Атамқұловтыӊ төрағалығымен төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оны жою жөніндегі комиссияныӊ отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаз маусымыныӊ келуіне байланысты орман, дала өрттерініӊ орын алу жағдайларыныӊ болу ықтималдығы жоғары екені белгілі. Осыған байланысты, Б.Атамқұлов облыстағы аудан, қала әкімдері мен мемлекеттік органдардыӊ жетекшілеріне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Атап айтқанда, облыс әкімініӊ тапсырмасына сәйкес, әрбір ауылда төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда дереу әрекет ететін өрт сөндіру бекеттері болуы тиіс. Мұнан бөлек, оқыс жағдай орын алған уақытта жауапты қызметтерге көмекке келетін ерікті өрт сөндірушілер тобын ұйымдастыру тапсырмасы жүктелді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы тас жолдар бойындағы үлкен дауыл кезінде де оттыӊ үдеп кетуіне жол бермейтін минаралды жолақ құрылғыларына айрықша назар аударды.

Алдағы уақытта аптап ыстықтыӊ басталатынына байланысты өӊірдегі су қоймаларында демалушылардыӊ қарасы қалыӊдайтыны рас. Жиында осы мәселеге де көӊіл бөлген Б.Атамқұлов шомылу маусымында жергілікті тұрғындардыӊ суға батып кетпеу шараларын толықтай қамтамасыз етуді тапсырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны