21.12.2017, 21:56 5236

ОҚО: Арыста 360 орындық балабақша ашылды

Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ж. Түймебаев мектепке дейінгі білім беретін мекеменіӊ ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндерге балдырған велосипедін сыйға тарты.

Шымкент. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 360 орындық балабақша пайдалануға берілді. Жаӊадан ашылған "Лидер" балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теӊге қаржы жұмсалған.

Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жас өрендердіӊ тәрбие алуына және олардыӊ бойына білімніӊ алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдыӊ барлығы жасалған. Балабақша ішіндегі балалар ойын алаӊына да ерекше көӊіл бөлінген. Өйткені, мекеменіӊ басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай олардыӊ спортпен айналысуына баса назар аударылған.

Жалпы Арыс қаласында бүгінде 49 мектепке дейінгі ұйымда 4207 бала тәрбиеленуде, яғни балабақшамен қамтылу көрсеткіші 85,9 пайызды құрап отыр. Соныӊ ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 27 жекеменшік балабақша, 10 мемлекеттік, 12 мектеп жанынан ашылған балабақша жұмыс істеп келеді.

Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ж. Түймебаев мектепке дейінгі білім беретін мекеменіӊ ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндерге балдырған велосипедін сыйға тарты. Бұдан бөлек, аймақ басшысы Арыс қаласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан балабақшамен де танысты. 100 орынға шақталған балабақшаныӊ құны 80 млн. теӊгені құрайды. Заманауи үлгіде салынып жатқан нысан 2018 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны