04.01.2008, 16:53 3741

ОҚО республикалық трассасындағы көлік қозғалысы тоқтатылды

ОҚО республикалық трассасындағы көлік қозғалысы тоқтатылды

Шымкент. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан республикалық және жергілікті дәрежедегі жолдар жабылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ТЖ департаменті директорының орынбасары Кәрім Балтаев хабарлады.

"Қатты боран соғып, жолды көру мүмкіндігі болмағандықтан, біз сағат 14.00 жолдарды қайтадан жаптық", - деді К. Балтабаев.

Оның сөздеріне қарағанда, қазіргі кезде жол полициясының қызметкерлері Жамбыл облысына қарай бара жатқан көліктерді тоқтатуда. Сондай-ақ, Байдібек ауданы бағытындағы жолға тосқауыл қойылды.

"Ал Шымкент - Ташкент бағытында не болып жатқанын біз әзірге білмейміз. Ал егер осындай күн райы одан әрі жалғасатын болса, онда ол жақтағы қозғалыс та тоқтатылады", - деп мәлімдеді К. Балтабаев.

Кешеден бері ОҚО қар жауып тұр. Ал бүгінгі күннің екінші жартысында қар күшейіп, боран соқты. Желдің күші секундына 20 метрге дейін жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны