23.06.2008, 17:11 3125

ОҚО Сарыағаш ауданында өз баласын өлімге қиған анаға қарсы қылмыстық іс қозғалды - газет

ОҚО Сарыағаш ауданында өз баласын өлімге қиған анаға қарсы қылмыстық іс қозғалды - газет

Шымкент. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында "Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бабы бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетіне сілтеме жасай отырып.

Газеттің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Сарыағашта орын алған. Өз туыстарынан аяғының ауырлығын жасырған жас әйел түн ішінде өз үйінде медициналық көмекке сүйенбестен босанған. Өзінен қан кеткеннен кейін шарананы шкафтың ішінде қалдырып, орталық аудандық ауруханаға барған. Ол жерде ол өзін әкесі соққыға жыққанын айтса да, дәрігерлер оның босанғанын бірден байқаған. Ийел ауруханада қалған. Ал дәрігерлер оқиға жайында полицияға хабарлаған. Аудандық ІІБ қызметкерлері ол әйелдің үйіне барып тексергенімен де, ол уақытта шкафтағы сәби шетінеп кеткен.

Полиция қызметкерлері алғашында қылмыстық іс қозғамауға шешім қабылдаған. Алайда, аудандық прокуратура бас тартылған материалға қызығушылық танытып, өздері тергеу жұмыстарын жүргізіп, анасына қарсы ҚР ҚК 97 бабы (Жаңа туған сәбиін анасының өлтіруі) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сарыағаш ауданының прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, мұндай іс бұл жерде тұңғыш рет қозғалып отыр.

Газеттің хабарлауынша, тергеуге алынған әйелдің туған ағасының үйленгеніне бірнеше жыл болса да, балалары болмаған. Егер қарындасы өзінің аяғы ауыр екендігін жасырмағанда, ағасы мен жеңгесі жиендерін асырап алудан бас тартпаулары мүмкін еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны